
Баспасөз-қызметі
Соңғы жаңалықтар

Наурыз кездесулері аясында өткізілген ғылыми жобалар көрмесінде Көкшетау қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Данара Бағауова дауыспен басқарылатын автоматтандырылған медициналық кереуетті ұсынды

Наурыз кездесулері қатысушылары ISSAI институтының негізін қалаушы және директоры Атакан Варол ұсынған Назарбаев Университеті ғалымдарының жасанды интеллект саласындағы флагмандық зерттеулерімен танысты. Олардың арасында кеуде қуысының рентгенографиясы мен Альцгеймер ауруы үшін жіктеу жүйесі сияқты жобалар бар.

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің басты жаңалықтары ілінетін б0аспасөз қабырғасында «Наурыз кездесулерінің фото-күнделігі» жасақталды. Жоба авторлары мен жетекшілерінің, спикерлер мен жас артистердің жарқын сәттерін таспалаған үздік кадрлер NIS тариха енді.

NIS-тің дәстүрлі Наурыз кездесулерінің пленарлық отырысында Назарбаев Университетінің Медицина факультетінің деканы Массимо Пиннателли сөз алып, болашақ дәрігерлерді даярлау бойынша ақпарат берді. Және жөтел арқылы тыныс алу жолдарындағы ауруларды анықтайтын мобильді қосымшасын таныстырды

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев NIS-тің Наурыз кездесулерін үлкен ғылымға жасалған алғашқы қадам деп атады

Елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты ХII Наурыз кездесулеріне тіркеу басталды