
Баспасөз-қызметі
Соңғы жаңалықтар

Мерекелік марафон басталған күні Наурыз кездесулерінің қатысушылары көне Амал мейрамының қайталанбас дәстүрімен танысты

Бүгін Астанада «Биомедицина, инженерия және технологиялар» атты XII Наурыз кездесулерінің баспасөз орталығы өз жұмысын бастады, орталық телеарналар, республикалық газеттер мен порталдар журналистерін аккредиттеу жүріп жатыр

Қостанай қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушылары Асан Асанов пен Амирхан Асылканның жұмысы Брюссельде қашықтан өткен халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясында жоғары бағаланды.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің үш өкілі Өмірбек Жолдасбеков атындағы халықаралық байқауда түрлі дәрежедегі марапатқа ие болды. NIS IB оқушысы Жанель Мамырбек «қолданбалы математика» секциясында бірінші орынды жеңіп алды. Ал математика секциясы бойынша Қызылордағы Зияткерлік мектептен Жанайым Сәлімжанқызы қола еншілесе, Дайана Хегай грамотамен марапатталды.

Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS-тің екі оқушысы Амира Кенбаева мен Ақерке Нұрахметова математикадан қыздарға арналған Еуропалық олимпиаданың іріктеу кезеңінен сәтті өтті. Олар Қазақстан құрамасының қатарына қосылып, Порторожде өнер көрсетеді.

Бүгін елордада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқармасының жаңа төрағасы Әнуар Жанғозинді таныстырды.