
Баспасөз-қызметі
Соңғы жаңалықтар

«Экзо және эндопротездеу, ақылды протездер мен олардың элементтерін құру» секциясында оқушылар протездердің бірегей түрлерін таныстырды

NIS Наурыз кездесулерінің екінші пленарлық отырысы әлемдік деңгейде сұранысқа ие машиналық оқыту, ядролық медицина және инъекциялық биоматериал әзірлеу тақырыптарын қамтыды

Семей қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Әкежан Айдынұлы өз ауруымен күресу үшін медициналық зерттеумен айналысуды қолға алған. Ол тұқым қуалайтын созылмалы псориазды жеңу мақсатында жасанды тіндерге сасық қурай өсімдігін енгізуді ұсынды. Жас ғалым Назарбаев Университеті профессорымен бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алғанын қуана хабарлады

Оралдағы Зияткерлік мектеп оқушысы Марат Хусаинов Наурыз кездесулерінде мидың қатерлі ісіктерін анықтайтын «Tumobrainor» бағдарламасын таныстырды

Наурыз кездесулері қатысушылары жасанды интеллектің шексіз мүмкіндіктерімен танысты. Жасанды интеллектің заңдары қандай? ChatGPT зағип жандарға несімен пайдалы? Толықтырылған шынайылық Альцгеймерге шалдыққан адамдарға қалай көмектесе алады? Наурыз кездесулері қатысушылары Назарбаев университетіндегі Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) қызметкерлерімен кездесіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды

Зияткерлік мектеп оқушылары адам денсаулығын бақылауға арналған бірегей биоинтерфейстерді және бағдарламалық-техникалық құралдарды ойлап тапты