Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мектеп мекенжайы: Алматы қ., Медеу ауданы, Горный Гигант шағын ауданы, Жамақаев көшесі, 145, Нұрлыбаев көшесінің қиылысы.

Веб-сайт: fmalm.nis.edu.kz

2014 жылғы 04 шілдеде Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ашылу салтанаты өтті.

Мектептің салтанатты ашылуына «Өркен» білім грантының иегері атанған мектеп оқушылары, олардың ата-аналары, сондай-ақ өңірдегі ғылыми-педагог қызметкерлер қатысады. 

Алматы қаласындағы Зияткерлік мектептеріне (химия-биология бағытындағы екінші мектеп Қалқаманда салынып жатыр) Зияткерлік мектеп оқушыларының әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетімен бірлесе отырып жазған аудиохристоматиялар сыйлыққа берілетін болады. Бұл еңбектер «100 кітап» жобасы шеңберінде құрылған және қазақ және әлемдік классикалық әдебиет туындыларын қамтыған. Бұған қоса, оқушыларға биология, химия, физика және математика бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 1500 оқу фильмі жинақталған TWIG онлайн платформасына қолжетімділік ашылатын болады.

Зияткерлік мектептің ашылуы шеңберінде балаларға физика, химия, робототехника, заманауи әлемдегі Қазақстан кабинеттерін, оқу телестудиясын, оранжереяны, кітапхананы, акт залын және басқаларды көрсету жоспарланған кампус-тур ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, Hohenloher инновациялық оқу жабдығын таныстыру жайында сөз болып отыр. Зертхананың атқарымдылығы мен кеңдігі бір жұмыс платформасында классикалық сабақтар мен дәрістерді де, сонымен қатар командалық практикалық сабақтарды да өткізуге мүмкіндік береді. «Nawis» ілме коммуникациялық жүйесі газбен, электр қуатымен, сумен, жарықпен және интернетке қосылуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, орынжайдағы жиһаз еденге бекітіліп орналастырылмаған, өткізілетін сабақтың нысанына байланысты жеке-жеке басқа орындарға ауыстырылады. Мұның барлығы оқылып жатқан материалды меңгеруде көрнекілік пен тиімділікті береді.

Мектеп оранжереясында қазақтың ұлттық бояуы мен табиғи ландшафт үйлесіміндегі сәндік өсімдіктерден композиция жасалды. Оранжерея конференц-зал және балаларды релаксациялауға арналған аумақ болмақ.

Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі конкурстық іріктеу жүйесі жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша оқуға қабілетті балаларды іріктеуге және кейіннен, негізінен, топтық қазақстандық және шетелдік технологиялық университеттерге түсуге бағытталған. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін 7052 өтініш қабылданған. Орташа алғанда конкурста бір бос жұмыс орнына 9 адамнан келді.

Іріктеу нәтижесі бойынша 2014/15 оқу жылында оқуды жабу үшін 672 оқушыға «Өркен» білім гранты бөлінген: олардың ішінде 259 – 8-сынып оқушылары, 240 – 9-сынып оқушылары, 173 – 11-сынып оқушысы. Жаңа оқу жылында балалар контингентін 96 адам болатын 7-сынып оқушыларымен толықтыру жоспарлануда. Ол жерге конкурстық іріктеу Cito Педагогикалық өлшемдер институтымен және CTY Джонс Хопкинс университетінің Дарынды жастар орталығымен бірлесе отырып әзірленген және өткізілген жаңа жүйе бойынша 20, 21 маусымда болып өтті.

Алматыда ашылып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектебі оқу процесіне инновацияларды енгізуге және педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға арналған база болмақ. 2013 жылғы маусымдағы, 2014 жылғы қаңтар мен маусымдағы өткізілген үш конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша 518 үміткер қатысып, олардың 157-сі ұсынылған. Жұмысқа ұсынылған мұғалімдер арасында бірінші, екінші және үшінші деңгей бойынша Педагогикалық шеберлік орталығының біліктілікті арттыру курстарында оқыған, Назарбаев Универстетінің базасында мақсатты даярлықтан өткен 26 жоғары санаттағы мұғалім және басқалары бар. Конкурста бір бос жұмыс орнына 5 адамнан келді. Мұғалімдер Алматы қ., Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Семей қаласынан болды.  

Шетелдік мамандар да күрделі іріктеуден өткізілді. Мектеп жұмысына араларында пән мұғалімдері, тим-көшбасшылары мен директордың орынбасары бар 22 адам шақырылды. Австралияда, АҚШ-та, Қытайда, Панамада, Францияда, БАӘ-де, Катарда жұмыс тәжірибесі бар шетелдік мұғалімдер тек ағылшын тілінде пәндерді оқытумен ғана айналысып қоймай, сонымен қатар балаларды SET, SAT және IELTS халықаралық емтихандарына дайындайды, мектеп ішінде біліктілік курстарын ұйымдастырады, оқу бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. 

Назарбаев Зияткерлік мектептері үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені зерделеп, енгізетін экспериментальді алаң болып табылады. Әрбір мектептің қуаты мен инфрақұрылымы өз жобасына және сынып-жиынтықтың ықтимал санына сәйкес анықталады. Ашылып жатқан Зияткерлік мектеп 864 орынға есептелген. Мектеп ғимараты 75 оқу сыныбы, олардың ішінде 24 оқушыдан отыратын 21 кабинет, 20 оқушыдан отыратын  – 54 кабинеттен тұратын 7 блоктан құрылған. Олардың ішінде математика, интеграция, техникалық модельдеу кабинеттері, нано, биотехнологиялар, робототехника, физика, химия, биология зертханалары, сондай-ақ жеке сабақ беру және психология кабинеттері бар.

Спорт корпусында үлкен және кіші зал, жаттығу залы көзделген. Үлкен спортзал баскетбол және волейбол ойнау үшін алаңмен, өрмелеу қабырғасымен, швед стенкасымен жабдықталған. Кіші зал гимнастика құралдарымен жабдықталған. Мектептің ауласында жасанды газоны бар футбол алаңы, түрлі алаңдар, теннис корты, балалардың демалыс орындары орналастырылған. 

Ақпарат блогы медиатекасы мен 260 орындық оқырмандар залы бар кітапханадан, 50 мың кітабы бар кітап қоймасынан тұрады. Радиотехника, декорация және тіпті артистік грим бөлмесі бар мектептің акт залы 480 адамға шақталған.

Мектепте 100 орындық дәріс залы мен 50 орынға арналған конференц-залы көзделген.

Зияткерлік мектебі толық күн оқитындықтан, мұнда өз тамақ блогы бар 300 орындық асхана жұмыс істейтін болады.

Медицина пунктінің құрамында дәрігер кабинеті, емшара кабинеті, психологтың, тіс дәрігерінің кабинеті, физиотерапия және стерилдеу кабинеті бар.

Мектеп жаңа компьютерлік жүйелермен, мультимедиялық кабинеттермен, жоғары өнімді электронды-есептеу машиналарымен, интерактивтік электрондық тақталармен, жылдамдығы жоғары интернетпен, тек қана білім алып қана қоймай, сонымен қатар оқу процесіне басшылық жасайтын иннавациялық бағдарламалық құралдармен жабдықталған.

Енді Қазақстанда елдің 14 өңірінде 16 Назарбаев Зияткерлік мектебі жұмыс істейді: Астана (2), Алматы, Талдықорған, Көкшетау, Семей, Өскемен, Орал, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Шымкент (2), Тараз, Павлодар, Қызылорда. Қазіргі уақытта Алматы, Ақтау, Қостанай және Петропавл қалаларында төрт мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.