Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2009 жылы «Тұңғыш Президенттің 20 интеллектуалды мектебі» жобасы шеңберінде өз жұмысын бастады.

Назарбаев Зияткерлік мектебі нәтижелі оқытуға арналған жаңа заманға сай техникалық құралдармен жабдықталған.

2012 жылы 10-тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мектепке келіп, педагогикалық ұжыммен және ата-аналармен кездесті.

Біздің мектептің педагогтары - кәсіби мамандар, бірнеше онжылдық еңбек өтілдері бар жоғары білікті пән мұғалімдері мен қажетті тілдер мен IT құзыреттілікті толық меңгерген жас мамандар. Бүгінгі таңда, мектепте 149 педагог еңбек етеді. Олардың алтауы халықаралық мұғалімдер. Қазақстандық мұғалімдердің 12-оқытушы-стажердың, 47-мұғалімнің, 53 - модератор-мұғалімнің, 31 - сарапшы-мұғалімнің біліктілік деңгейіне ие. 32 педагог магистр дәрежесіне ие болса, 4 оқытушы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері.

Көкшетау қ. физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2017 жылы халықаралық мектептер Кеңесінің халықаралық аккредитациясынан сәтті өтті. Халықаралық мәртебеге барлық әлемдік стандарттарға сәйкестігін дәлелдеген үздік мектептер ие болады.

Зияткерлік мектептегі оқу үрдісінің ерекшелігі - 1-12 сыныптардағы оқушыларға келесі таңдаулық курстарда өз еріктері бойынша оқу мүмкіндігі беріледі:

- Академиялық білім мен зерттеу дағдыларын тереңдету;

- Тілдік дағдыларды дамыту, халықаралық емтиханға дайындалу, шет тілін меңгеру

- IT дағдыларын дамыту

Оқушылардың түрлі бағыттағы қызығушылықтарын қанағаттандыру, шығармашылық, физикалық және интеллектуалдық дағдыларын дамыту мақсатында мектеп қабырғасында түрлі үйірмелер, секциялар мен клубтар (спорттық, шығармышылық, интеллектуалды, техникалық) жұмыс істейді.

Биылдан бастап 10-сынып оқушылары екінші шет тілін меңгереді, өз қалаулары бойынша неміс немесе француз тілдерін таңдай алады.

Мектепте 12 әдістемелік бірлестік жұмыс істейді: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; ағылшын тілі; тарих және жағрапия; математика; физика; информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар; химия және биология; дене шынықтыру; эстетикалық бағыт; бастауыш сынып; педагог-ұйымдастырушы-кураторлардың әдістемелік бірлестігі.

Сыныптарда тәрбие жұмыстарын педагог-ұйымдастырушы-кураторлар жүргізеді.

Мектебіміздің түлектері Назарбаев Университетінде, Ұлыбритания, Қытай, Гонконг, Малайзия, Кипр, Польша, Болгария, Венгрия, Сингапур, Италия, Канада, Швейцария және Ресейдің ЖОО-да білім алады.

Зияткерлік мектеп оқушылары халықаралық, республикалық олимпиадаларға, конкурстарға және ғылыми жобалар сайыстарына белсенді түрде қатысады. Тілдік орта қалыптастыру мақсатында бірнеше оқушы Ұлыбритания, АҚШ, Сингапур елдеріне дәрістерге, лабораториялық тәжірибелерге қатысып, шет тілінде сөйлеу деңгейлерін жоғарылатып келеді.

Мектеп жанында 120 орынға шақталған жатақхана бар.

Мекен жайымыз: Көкшетау қаласы, Ж.Тілеулин көшесі, 59 

Қабылдау бөлімі: 8 (7162) 25-31-40

ҒӘЖ бойынша директордың орынбасары - 8 (7162) 25-32-47

ОЖ бойынша директордың орынбасары - 8 (7162) 25-31-52

Электрондық поштамыз: info@kt.nis.edu.kz

Веб-сайт: kt.nis.edu.kz