Басқарма төрағасының блогы

Достар!  

Менің аты-жөнім Әнуар Жанғозин. Сіздерді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының сайтында көргеніме қуаныштымын. Биыл біздің ұйымның құрылғанына 15 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында NIS білім беру экожүйесі Қазақстанда ғана емес шетелдерде де танылып, бірегей ұлттық білім беру жүйесі ретінде брендке айналды.  

Бүгінде 16 мыңнан аса оқушымыз халықаралық деңгейде білім алуда. Ал оқыту жүйесі A-level және International Baccalaureate сынды әлемнің жетекші бағдарламаларымен тең дәрежеде мойындалған. NIS түлектерінің сертификаттары әлемнің әр түрлі университеттеріне жарамды, олардың арасында Кембридж, Пуссан, Гонконг, Эдинбург, Наньян, Амстердам және т.б университеттер бар.   

15 жыл ішінде 17 мыңнан аса жас мектептерімізден түлеп ұшты. Олардың 90%-дан астамы отандық және шетелдік университеттердің оқу гранттарын жеңіп алды, 500-ге жуық түлек QS әлемдік рейтингіндегі үздік 100 университетте білім алуда. 

Біздің жұмысымыздың маңызды бағыты – жинақталған тәжірибені отандық білім беру жүйесіне енгізу. Бүгінгі таңда ауыл мектептеріндегі білім деңгейін көтеруге бағытталған жобаларымыз 100-ден астам мектеп пен 1000-нан аса мұғалімді қамтиды. 

Ұйым қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының және серіктестеріміздің қолдауымен біз Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыруға әсер етіп, негізгі миссиямызды сәтті жүзеге асырудамыз. 

Біз әрқашан бірлесе жұмыс істеуге ашықпыз. Серіктестік негізіндегі жұмыстар мен NIS-ті дамытуға бағытталған идеялар мен ұсыныстарды менің электронды поштама жібере аласызzhangozin_a@nis.edu.kz 

Мен сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызға жазылуға шақырамын: 

Facebook-те https://www.facebook.com/OfficialNIS?mibextid=LQQJ4d,  

Instagram https://instagram.com/official.nis?igshid=YmMyMTA2M2Y =,  

Telegram https://t.me/official_nis  

 

Ізгі ниетпен,  

Әнуар Жанғозин, 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  

Басқарма төрағасы