Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік

Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2010 жылдың 1 қыркүйегінде өз есігін ашты. Барлық жерде көшбасшы болуға талпыныс: оқуда, спортта, әлеуметтік жобаларда - бұл біздің мектептегі білім беру үдерісінің қатысушылары үшін басты бағыт.

Мектепке дейінгі жастан бастап 17 жасқа дейін балаларды оқыту мен тәрбиелеу бойынша Көшбасшы бағдарламасы мектептің бірінші басшысы, ғылым мен техникаға еңбегі сіңген, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Байжикенова Гуляим Кабидолдақызының жетекшілігімен әзірленген.

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің әр оқушысы белсенді өмірлік ұстаным   -   қоғамдағы іс-шараларға қатысып, Отбасына, мектебіне, Отанына қамқор бола отырып, жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыруға негіз болатын  қажетті  көшбасшылық  қасиет екенін   түсінеді.

Мектепте олимпиадалық қозғалысқа көп көңіл бөлінеді. 2012, 2013, 2014 жылдары «Қазақстан Республикасының үздік олимпиадалық мектебі»,  2015, 2016 жылдары - «Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы үздік олимпиадалық мектеп» деп танылды. Он екі жыл ішінде мектепте халықаралық, республикалық, желілік, аймақтық, қалалық деңгейлердегі 800-ден астам жүлдегерлер дайындалды.

Тұлғаны жан-жақты   дамыту үшін спорттық секциялар, үйірмелер және қызығушылығына қарай клубтар жұмыс істейді. Патриотизм, ұлтаралық келісім, төзімділік, салауатты өмір салты - бұл құндылықтар балаларға белсенді қатысатын әлеуметтік жобалар арқылы сіңіріледі. Біздің оқушылар қоғамға қызмет көрсетуге бағытталған «Қамқорлық», «Жақсылық жаса» әлеуметтік жобаларына белсенді қатысады. Оқушылар аптасына екі рет «Айналайын» балалар үйінде және Облыстық реабилитациялық орталығында еріктілер ретінде жұмыс істейді, балаларды қазақ және ағылшын тілдерінде оқытады.

Мекен жайымыз: Талдықорған қ. Қаратал 47. 040000

8 (7282) 40-00-51 

info@tk.nis.edu.kz

www.tk.nis.edu.kz