Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылғы 1 ақпанда NIS жүйесіндегі сегізінші Зияткерлік мектебі болып ашылды. 2018 жылы мектеп CIS халықаралық аккредитациясынан сәтті өтті. Cонымен қатар Зияткерлік мектеп ЮНЕСКО-ның қауымдасқан мектептері мүшелігіне енген.

Мектеп миссиясы – көптілді, инновациялық, құндылыққа бағытталған мектептің білім беру моделін іске асыру арқылы аймақтың талантты және дарынды балаларын оқыту және тәрбиелеу.

Мектепте 11 әдістемелік бірлестік жұмыс істейді. Мұғалімдердің жалпы саны – 124 адам, оның ішінде 65 магистр, 2 PhD дәрежесі иегері бар. Педагогтердің 40%-дан астамын модератор мұғалімдер, 30% – ға жуығын сарапшы мұғалімдер құрайды. Сондай-ақ мектепте физика, химия және биология пәндерінен 5 халықаралық оқытушы жұмыс істейді.

Қарағандылық NIS-те 780 оқушы оқиды. Зияткерлер ең беделді халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда жүлделі орыннан көрініп келеді. 2013 жылдан бастап қазірге дейін оқушылар қарағандылық NIS қоржынына республикалық және халықаралық олимпиадалардың 50-ге жуық медалін салды. Олардың қатарында Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада, Халықаралық Жәутіков олимпиадасы, Халықаралық Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасы, Халықаралық математикалық олимпиада, Халықаралық Менделеев олимпиадасы және т. б. бар.

Сонымен қатар, филиал оқушылары ғылыми-зерттеу және жобалық жұмыстарға белсене қатысып, бірнеше рет республикалық және халықаралық ғылыми жобалар байқауының жүлдегерлері (75-тен астам жүлделі орындар) атанды. Екі рет «Жас ғалым» халықаралық байқауында (Оңтүстік Корея) жеңіске жетті.

Бүгінгі таңда мектепті 814 түлек аяқтады, оның ішінде 54 «Алтын белгі» және 82 ерекше аттестат иегерлері бар. Мектеп түлектері Қазақстанның жетекші университеттерінде (Назарбаев Университеті, ҚБТУ және т.б.) және әлемнің үздік университеттерінде (Айви Лигасы университеттері, Гонконг политехникалық университеті және т. б.) білім алуда.

Мектепте 36 үйірме мен секция жұмыс істейді. Сонымен қатар мектепте «Мейірім көпірі», «TEDx», «READx», «Эко-клуб», «Википедия», «Не? Қайда? Қашан?» сияқты түрлі қызығушылықтарға бағытталған клубтар бар. Мектепте спорт түрлеріне де ерекше көңіл бөлінеді: оқушылар баскетбол, волейбол, футбол, үстел теннисі және т. б. бағыттар бойынша спорт секцияларына қатыса алады.

Қаладан шет жатқан аймақтардан келген балалар үшін барлық жағдай жасалған 136 орындық жатақхана бар.

Мекен жайымыз: Қарағанды қаласы, Кеншілер даңғ., 62  

Қабылдау бөлмесі: 8 (7212) 507855

Электрондық поштамызinfo@krg.nis.edu.kz 

Веб-сайт: krg.nis.edu.kz