banner

Жобалар

Жобалар мен қызметтер

«ONLINE MEKTEP» цифрлық білім беру платформасы

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес оқыту тілдерінің екеуінде 1–11 сыныптардың барлық пәндері бойынша 24 074 сабақ сценарийі әзірленген.

Жобаның мақсаты – әрбір оқушыға сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, оның жеке даму жолын қалыптастыруға жағдай жасау және оқу жетістіктерін жүйелі түрде бақылау.

Платформа тұжырымдамасына сәйкес әр сабаққа конспектілер, сызбалар және интеллект-карталар түріндегі теориялық материалдар әзірленген. Практикалық бөлім тапсырмалардың деңгейлік жүйесі түрінде берілген: бастауыш мектепте әр сабақта 9 тапсырмадан, ал негізгі және жоғары мектепте 18 тапсырмадан беріледі. Тапсырмалар үш деңгейге бөлінеді (A – бастапқы, B – орта, C – жоғары) және оқушылардың дағдыларын біртіндеп дамытуға, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған.

3 533

Платформаға қосылған мектептер саны

193 197

Платформаны пайдаланатын мұғалімдер саны

1,6 млн

Платформаны пайдаланатын оқушылар саны

3,55 млн

Қаралымдар саны

Орталық қызметтері

Әдістемелік материалдарды әзірлеу

Толығырақ ақпарат алу үшін: beyim.edu.kz

НЗМ білім беру бағдарламасын басқа мектептерде жүзеге асыру

Білім беру жобаларын әдістемелік қолдау

Сыртқы серіктестіктерді дамыту

Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, білім беру өнімдерін қолдану және ынтымақтастықты дамыту жөнінде Арымбекова Гузалия Рафаиловнаға хабарласа аласыз

Инновациялар жөніндегі директордың орынбасары

🕻 тел.: +7 (7172) 235-758 ішкі: 1603
arymbekova_g@cep.nis.edu.kz