Оқуға түсу
Конкурс жөнінде хабарлама
Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2027 – 2028 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқуға үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсына құжаттар қабылдау және конкурсты өткізу мерзімдерін жариялайды.
Құжат қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 23-қараша мен 28-желтоқсан (қоса алғанда) аралығында:
eGov.kz веб-порталы арқылы тәулік бойы 2026 жылғы 23-қараша сағат 09:00-ден бастап 28-желтоқсан сағат 18:00-ге дейін, техникалық үзілістерді қоспағанда;
Назарбаев Зияткерлік мектептің қабылдау комиссиясына қағаз түрінде тапсыру мерекелік күндерді қоспағанда дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін.
Кешенді тест 2027 жылғы 26, 27 наурыз күндері өтеді
Кешенді тесттің өту мерзімі | Тест | Тесттің ұзақты-лығы | Кешенді тесттің нәтижесі | «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі |
26 наурыз 2027 жыл | Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді игеру қабілетін бағалау тесті: - Сандық сипаттамалар - Жаратылыстану | 120 минут | Тестілеу нәтижелері www.nis.edu.kz сайтында кешенді тестілеудің екінші күнінен 40 күнтізбелік күн өткеннен кейін жарияланады | «Өркен» білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижесі Жұмыс органымен шығарылады |
27 наурыз 2027 жыл | Тілдік тест: | 120 минут |
Қағаз түрінде тапсыратындарға құжаттарды қабылдау келесі мекен-жайларда жүргізіледі:
№ | Назарбаев Зияткерлік мектебі | Мекен-жайы | Телефон |
1 | Астана-Нұра НЗМ | Хусейн бен Талал көшесі, 21 ғимарат | 8 (7172) 57-57-85 |
2 | Астана НЗМ | Хусейн бен Талал көшесі, 19 ғимарат | 8 (7172) 55-80-33 |
3 | Алматы-Медеу НЗМ | Горный Гигант ы.а., Жамақаев көшесі, 145, Нұрлыбаев к. қиылысы | 8 (727) 331-01-00 331-01-04 |
4 | Алматы-Наурызбай НЗМ | Қалқаман - 2 ы.а., Елібаев көшесі, 2 | 8 (727) 3383300 |
5 | Ақтау НЗМ | 33 ы.а., 16 ғимарат | 8 (7292) 70-10-66 8 (7292) 70-10-61 |
6 | Ақтөбе НЗМ | Астана ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, 8 ғимарат | 8 (7132) 41-17-37 |
7 | Атырау НЗМ | Нұрсая ықшам ауданы, Елорда даңғылы, 22 ғимарат | 8 (7122) 55-85-51 |
8 | Қарағанды НЗМ | Шахтерлер даңғылы, 62 | 8 (7212) 50-78-55 |
9 | Көкшетау НЗМ | Ж. Тлеулин көшесі, 59 | 8 (7162) 25-31-40 |
10 | Қостанай НЗМ | Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 239 | 8 (7142) 39-06-70 |
11 | Қызылорда НЗМ | Сұлтан Бейбарыс көшесі, 6 | 8 7242 40-23-75 |
12 | Павлодар НЗМ | Ткачев көшесі, 16/2 | 8 (7182) 66-34-10 8 (7182) 66-34-20 |
13 | Петропавл НЗМ | И. Ибраев көшесі, 22 А | 8 (7152) 55-97-28 |
14 | Семей НЗМ | Қарағайлы ы.а., 1 | 8 (7222) 63-63-50 |
15 | Өскемен НЗМ | Қ.Сәтпаев даңғылы, 53 | 8 (7232) 71-27-15 8 (7232) 71-27-22 |
16 | Талдықорған НЗМ | Қаратал ы.а., №47 | 8 (7282) 400069 8 (7282) 400051 |
17 | Тараз НЗМ | Арай массиві, Домалақ ана көшесі, 266 | 8 (7262) 99-98-56 |
18 | Түркістан НЗМ | Жаңа қала ы.а., 32 көше, 13 ғимарат | 8 (7253)35-99-89 |
19 | Орал НЗМ | Тәуелсіздік көшесі, 16 | 8 (7112)24-65-12 |
20 | Шымкент-Абай НЗМ | Ақжайық ы.а., Элитный қалашығы, 6 ғимарат | 8 (7252) 29-44-88 |
21 | Шымкент-Қаратау НЗМ | Нұрсәт ы.а., 1А үй | 8 (7252) 77-55-33 |
Зияткерлік мектептердің веб-сайттарына келесі сілтеме арқылы өтуге болады: https://schools.nis.edu.kz/kk