Жобалар
NIS-Programme
NIS-Programme білім беру бағдарламасы туралы
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі білім беру үдерісі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның NIS-Programme білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

NIS-Programme бағдарламасын әзірлеу барысында Қазақстандық контекст, ұлттық даму басымдықтары және орта білім беруді дамытудың халықаралық үрдістері ескерілген кешенді тәсіл қолданылды.
NIS-Programme жаратылыстану-математикалық пәндерді тереңдетіп оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жоғары деңгейде қолдану және үштілді білім беру негізінде оқушылардың іргелі академиялық білімін қалыптастыруға, сыни ойлауын және функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған.

Бағдарлама құрылымы
NIS-Programme бағдарламасы білім берудің келесі деңгейлерін қамтиды:
бастауыш білім беру (бастауыш мектеп, 1–5 сыныптар);
негізгі орта білім беру (негізгі мектеп, 6–10 сыныптар);
жалпы орта білім беру (жоғары мектеп, 11–12 сыныптар).
Барлық білім беру деңгейлері бойынша пәндерге арналған оқу бағдарламалары сабақтастық (спиральді тәсіл) және өзара үйлесімділік қағидаттарына негізделген. Осыған сәйкес әр оқу мақсаты сыныптан сыныпқа, бір білім беру деңгейінен келесісіне қарай біртіндеп дамып отырады.
Үштілді білім беру
1–2 сыныптарда «Дүниетану» және «АКТ» пәндері оқыту тілінде жүргізіледі.
«Ағылшын тілі» пәні 1-сыныптан бастап енгізіледі.
Екінші тіл 1-сыныптан бастап оқытылады.
3–5 сыныптар
Дүниетану
6–10 сыныптар
Қазақстан тарихы
География
9-сынып
Құқық негіздері
11–12 сыныптар
Қазақстан тарихы
3–5 сыныптар
АКТ
6–10 сыныптар
Дүниежүзі тарихы
Информатика
11–12 сыныптар
Физика;
Химия;
Биология;
Информатика;
Бағдарламалау;
Экономика;
Жаһандық перспективалар және жобалық жұмыс
Әдістемелік қолдау
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдері мен NIS-Programme бағдарламасын енгізіп жатқан өзге білім беру ұйымдары үшін Орталық заманауи оқыту тәсілдерін қолдану бойынша оқыту семинарлары мен тренингтер өткізеді.