Біз туралы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 2035 жылға дейінгі даму стратегиясы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының 2035 жылға дейінгі стратегиясы білім беру саласындағы жаңа әлемдік үрдістерді ашады. Бұл үрдістер тек білім берудің жаңа форматтарын іздеуге ғана емес, сонымен қатар оқу үдерісінің барлық қатысушыларының жаңа рөлдеріне және олардың әл-ауқатына негізделген. 2035 жылға дейінгі Стратегияда Қазақстанда және басқа елдерде білім беру сапасын арттыруға үлес қосу мақсатындағы ДББҰ-ның тұрақты дамуының ұзақ мерзімді жол картасы ұсынылған.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАР МЕН ИНДИКАТОРЛАР
I-стратегиялық бағыт. НЗМ: Кемелдікке ұмтылу
Оқушылардың толыққанды дамуы
Индикаторлар: Білім беру бағдарламасын және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесін жетілдіру; Құндылықтарға негізделген білім беру; Түлектер қауымдастығы (29 тиімділік көрсеткіштері)
Зияткерлік мектеп мұғалімдерінің кәсіби қауымдастығы
Индикаторлар: Педагог кадрларды іріктеу сапасын арттыру; Педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру; Педагогтердің кәсіби өсуі (деңгейлес, сатылас және диагональді) (18 тиімділік көрсеткіштері)
3. Мектептегі әл-ауқат индексі
Индикаторлар: Мұғалімдердің әл-ауқаты; Оқушылардың әл-ауқаты (28 тиімділік көрсеткіштері)
II-стратегиялық бағыт. Қазақстан: білім беру саласында зияткерлік капиталды дамыту
4. Білім беру жүйесіне өзгеріс әкелуші көшбасшыларды дайындау
Индикаторлар: ҚР Білім беру ұйымдары педагогтерінің көшбасшылық құзыреттерін дамыту; ҚР педагогтерін кәсіби дамыту ұйымдарына арналған білім беру контентін әзірлеу (11 тиімділік көрсеткіштері)
5. Қазақстан мектептерінің кәсіби қоғамдастығын дамыту
Индикаторлар: Қазақстандағы мектептер мен мұғалімдерді Қоғамдастық аясында ынтымақтастыққа тарту (9 тиімділік көрсеткіштері)
6. Білім беру ұйымдарын бағалау және аккредиттеу жөніндегі тәуелсіз агенттік
Индикаторлар: ҚР мектептерінде білім беру сапасын арттыру және қолдау үшін аккредиттеу агенттігін құру (2 тиімділік көрсеткіштері)
III-стратегиялық бағыт. Әлем: Global Education Brand
7. International Curriculum
Индикаторлар: Кеңінен танылған халықаралық білім беру бағдарламасын әзірлеу (2 тиімділік көрсеткіштері)
8. Білім беру өнімдері мен қызметтерін шетелге экспорттау
Индикаторлар: Жаһандық білім беру нарығында Қазақстанның рөлін кеңейту (1 тиімділік көрсеткіші)
9. NIS-Programme білім беру бағдарламасы және NIS Grade 12 Certificate Зияткерлік мектеп түлегі сертификатының мойындалуы
Индикаторлар: NIS-Programme бағдарламасын және NIS Grade 12 Certificate сертификатын мойындайтын жоғары оқу орындары/ұйымдар санын арттыру (4 тиімділік көрсеткіштері)
Іргелі негіздер
10. Адами капиталдың құндылығы табысты болудың негізгі факторы ретінде
Индикаторлар: ДББҰ, орталықтар мен еншілес ұйымдар қызметкерлерінің әл-ауқаты деңгейін арттыру (3 тиімділік көрсеткіштері)
11. Тұрақты даму
Индикаторлар: Әлеуметтік жауапты NIS брендін күшейту; Материалдық-техникалық инфрақұрылым (8 тиімділік көрсеткіштері)
Негізгі қолдаушы факторлар
12. Зерттеулер негізінде даму
Индикаторлар: Қазақстан педагогтерінің көшбасшылық құзыреттерін дамыту бойынша білім беру өнімдері мен қызметтерін жетілдіруге бағытталған зерттеулер; Ғылыми зерттеулерді дамыту және қолдау және ДББҰ-ның қаржылық тұрақтылық моделін іске асыруға үлес қосу; Қызметкерлердің зерттеушілік әлеуетін күшейту; Зерттеуді басқару жүйесін дамыту (18 тиімділік көрсеткіштері)
13. Цифрлық экожүйе құру
Индикаторлар: НЗМ цифрландыру жол картасын іске асыру (5 тиімділік көрсеткіштері)
14. Қаржылық тұрақтылық
Индикаторлар: Ақылы қызмет түрлерін көрсетуден түсетін кірістердің жалпы шығыстарға қатынасы (4 тиімділік көрсеткіштері)