Оқушылардың толыққанды дамуы
«Адал Азамат» оқушылардың біртұтас даму тұжырымдамасы
Қағидамыз – әділдік,
тірегіміз – жауапкершілік,
мақсатымыз – өрлеу.
Қ. Тоқаев
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Қазақстанның дамуына үлес қоса алатын білімді, жауапты әрі жасампаз тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған «Адал азамат» оқушыларды жан-жақты дамыту тұжырымдамасы жүзеге асырылуда.
Тұжырымдама ДББҰ қоғамдастығының құндылықтарына негізделген: құрмет, ашықтық, отансүйгіштік пен жауапкершілік, еңбекқорлық пен шығармашылық, адалдық, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлері, денсаулық пен әл-ауқат, жаһандық азаматтық.
Бұл құндылықтар білім беру үдерісіне кіріктірілген. Оқушылардың оларды түсінуі және іс жүзінде танытуы – жас ерекшелігі мен өмірлік тәжірибесіне сай біртіндеп дамиды.

