banner

Жобалар

NIS-Programme Global

Назарбаев Зияткерлік мектептері қазіргі халықаралық талаптарға сәйкес келетін NIS Programme білім беру бағдарламасын әзірлеу және енгізу бойынша көпжылдық тәжірибеге ие. Бағдарлама үштілді білім беруді, пәндерді стандартты және тереңдетілген деңгейде оқыту мүмкіндігін, сондай-ақ жаратылыстану-математикалық пәндерге басымдық беруді біріктіреді. Бағдарламаның академиялық деңгейі Cambridge A-Level деңгейімен салыстырылады, ал NIS Programme мен NIS Grade 12 Certificate бірқатар халықаралық ұйымдар мен шетелдік университеттер тарапынан танылған.

NIS-Programme Global аясында біз мектептерге білім беру бағдарламасын немесе оның жекелеген модульдерін енгізу бойынша сараптамалық және әдістемелік қолдау ұсынамыз. Ынтымақтастық аясында элективті курстар әзірлеу, оқу-әдістемелік материалдар ұсыну, мұғалімдерге арналған пәндік тренингтер өткізу және оқу бағдарламасын іске асыруға қолдау көрсету де қарастырылған.

Білім

Құндылықтар

Дағдылар

Құзыреттер

Әл-ауқат

Түлек бейнесі