NIS Білім беру бағдарламалары орталығы
Орталық туралы
Біз туралы
Білім беру бағдарламалары орталығының негізгі міндеттері — инновациялық білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді және білім беру ресурстарын әзірлеу, оларды апробациялау мен жүзеге асыруға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын әзірлеу және қайта қарау бағытында мониторинг пен зерттеулер жүргізу.
Миссия
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім беру бағдарламасын тұрақты жетілдіру және оны елдің жалпы білім беретін мектептеріне бейімдеу арқылы Қазақстандағы жалпы орта білім беру сапасын арттыруға ықпал ету.
Орталық қызметінің негізгі бағыттары
Оқу бағдарламаларын, әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу, пәндер бойынша оқу бағдарламаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу және оларды жетілдіру.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, әдістемелік ұсынымдарды, есептер жинақтарын және цифрлық ресурстарды әзірлеу.
Білім беру бағдарламаларын, өнімдер мен қызметтерді ұлттық және халықаралық деңгейде іске асыру және олардың жүзеге асырылуына қолдау көрсету.
Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіндегі жобалар мен қызметтер.
Хронология