Орталықтар
NIS Білім беру бағдарламалары орталығы
Біз туралы
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның «Білім беру бағдарламалары орталығы» Зияткерлік мектептер мен жалпы білім беретін мектептерге арналған білім беру және оқу бағдарламаларын, оқу жоспарларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, білім беру ресурстарын және басқа да оқу материалдарын әзірлейді. Материалдар цифрлық форматта да ұсынылады. Әзірленетін материалдар ұлттық және халықаралық озық білім беру стандарттарына негізделеді. Сонымен қатар оларды Зияткерлік мектептерде және жалпы білім беретін мектептерде апробациялау мен енгізу үдерісіне ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетіледі.

NIS-Programme
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның NIS-Programme білім беру бағдарламасы ДББҰ-ның стратегиялық серіктесі – Кембридждің халықаралық білім беру мәселелері бойынша бағалау кеңесімен (КХБМБК) бірлесіп әзірленген және жаратылыстану-математикалық бағыттағы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған.