banner

Орталықтар

NIS Педагогикалық өлшеулер орталығы

Орталық туралы

Педагогикалық өлшеулер орталығы – білім беру сапасын бағалау жүйесін дамытудағы негізгі буын саналатын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының филиалы. Орталық оқушылардың білім нәтижелерін объективті және ғылыми негізделген бағалауды қамтамасыз ететін заманауи педагогикалық өлшеу құралдарын әзірлеумен, апробациялаумен және енгізумен айналысады.

Миссия

Білім беру тиімділігін арттыруға бағытталған объективті, сенімді әрі ғылыми негізделген педагогикалық өлшеулер мәдениетін қалыптастыру және дамыту.


Пайым

Педагогикалық өлшеулер орталығы – бағалау саласында жоғары сапа стандарттарын ұстануды көздейтін жетекші инновация және сараптама орталығы.


Құндылықтар

  • Объективтілік және ғылыми негізділік

  • Ашықтық және әдептілік

  • Жаңашылдық және цифрлық трансформация

  • Дамуды көздеу

  • Кәсіби сенім


Орталық қызметінің ұйымдастырушылық және ақпараттық-технологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етудегі бағыттары:

  • білім беру сапасын бағалау рәсімдерін жүзеге асыру;

  • оқушылар мен педагогтерді конкурстық іріктеу;

  • критериалды бағалау;

  • оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг және талдау жүргізу;

  • қорытынды аттестаттау және сыртқы жиынтық бағалау;

  • педагогтерді аттестаттау;

  • біліктілікті арттыру курстары шеңберіндегі сертификаттау.


Халықаралық ынтымақтастық

Орталық педагогикалық өлшеулер саласындағы төмендегідей жетекші халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатқан:

  • Cambridge University Press & Assessment (Ұлыбритания);

  • Cito (Нидерланд).


Ынтымақтастық аясында бағалау процестерін сараптамалық сүйемелдеу, сондай-ақ халықаралық тәжірибе тарату және озық практикалармен алмасу мақсатында бірлескен жобалар жүзеге асырылады.

Орталық:

  • Халықаралық білім берудегі бағалау қауымдастығының (IAEA);

  • Еуропалық білім берудегі бағалау қауымдастығының (AEA-Europe) мүшесі.


Кәсіби ортамен ықпалдастық педагогикалық өлшеулер саласындағы жаңа зерттеулерді, инновациялық тәсілдер мен халықаралық озық тәжірибені енгізуге мүмкіндік береді.


Орталықтың жаңашылдығы мен даму бағыттары

Педагогикалық өлшеулер орталығы Қазақстанда алғаш рет:

  • оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің кешенді жүйесін әзірлеп, енгізді;

  • тілдік дайындық стандарттарын халықаралық CEFR жүйесіне бейімдеді.

Бүгінгі таңда Орталық оқушылардың алған білімін нақты өмірлік жағдаяттарда қолдана білу дағдысын айқындайтын функционалдық сауаттылықты бағалау бағытын дамытып келеді.

Сонымен қатар Орталық елімізде алғаш рет оқушының табысты білім алуына және одан әрі дамуына ықпал ететін жеке тұлғалық, әлеуметтік, эмоциялық әрі мінез-құлық ерекшеліктерін бағалауға арналған когнитивті емес дағдыларды бағалау жүйесін әзірлеуді, апробациялауды және енгізуді қолға алды.


Негізгі міндеттері:

  • бағалау әдіснамасын әзірлеу;

  • өлшеу құралдарын енгізу және бағалау рәсімдерін жүзеге асыру;

  • білім беру статистикасын жүргізу, талдау және ұсынымдар беру;

  • зерттеулер жүргізу;

  • процестерді автоматтандыру және цифрландыру;

  • тәжірибе тарату және коммерцияландыру;

  • стратегиялық серіктестермен ынтымақтастық орнату.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Хусейн бен Талал көш., 21/1

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 23 57 66

E-mail: info@cpi.nis.edu.kz