Оқуға түсуге дайындық
Байқау тестілеуі
Офлайн байқау тестілеуі
Офлайн байқау тестілеуі үміткерлерге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеудің тест тапсырмалары форматымен танысуына мүмкіндік береді. Тестілеу 6 пәнді: математика, сандық сипаттамалар, жаратылыстану, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қамтиды.
Оқушылар:
білім деңгейін объективті анықтап, конкурстық іріктеуге тиімді дайындалады;
конкурстық іріктеу тапсырмаларының форматымен танысады;
мектептің атмосферасын сезініп, сенімділігін арттырады;
қате жіберген тақырыптар талданған Жеке есеп алып, дайындықты күшейтеді.
Тестілеу NIS мектептерінің қабырғасында офлайн түрде компьютерлік форматта өтеді. Орын саны шектеулі. Тестілеу ұзақтығы – 3 сағат 20 минут.
Тіркелу және толық ақпарат Пробное тестирование для поступления в НИШ сайтында.
Кеңесші: +7 775 63 723 66 (WA)
Жаңалықтарды https://www.instagram.com/nis.admission/ парақшасынан оқи аласыздар.
Онлайн байқау тестілеуі
NIS-тің онлайн байқау тестілеуі – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарына оқушыларды конкурстық іріктеу рәсіміне дайындықтың тиімді құралы. Тестілеу 6 пәнді: математика, сандық сипаттамалар, жаратылыстану, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қамтиды.
Оқушылар:
білім деңгейін объективті анықтап, конкурстық іріктеуге тиімді дайындалады;
конкурстық іріктеу тапсырмаларының форматымен танысады;
қате жіберген тақырыптар талданған Жеке есеп алып, дайындықты күшейтеді.
Тестілеуді ешқайда бармай, үй жағдайында тапсыра алады.
Онлайн тестілеу 24/7 қолжетімді. Тестілеу ұзақтығы: 1-блок (математика, сандық сипаттамалар, жаратылыстану) – 100 минут; 2-блок (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) – 90 минут. Екі блок арасында үзіліс жасауға болады.
Тіркелу және тестілеуден өту https://onlinetest.nis.edu.kz/ сайтында жүреді.
Кеңесші: +7 775 63 723 66 (WA)
Жаңалықтарды https://www.instagram.com/nis.admission/ парақшасынан оқи аласыздар.