
Баспасөз-қызметі
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Олжас Есенбаев бакалавриатты аяқтап, әлемнің бірнеше жетекші университетінен бірден докторантураға шақыру алды.

Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Түркістандағы Зияткерлік мектептің ұжымымен кездесті.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин кездесу қатысушыларын NIS-тің негізгі бағыттары және алдағы жоспарларымен таныстырды. Жиынға Ақерке Берлібай модераторлық етті.

Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының орынбасары Светлана Испусинова білім және ғылым саласындағы еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен наградтталды.

Биыл еліміз бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің әдістемелік қолдауына ие 17 тірек мектептің қатары 63-ке артты.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин Семей қаласындағы NIS-тің жаңа директоры Наркен Буркеновті педагогикалық ұжымға таныстырды.