
Баспасөз-қызметі
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектептің тарих пәні мұғалім-модераторлары Бағлан Жамелов пен Бақыт Амалбекова «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының стипендиясын жеңіп алды.

NIS экожүйесіндегі екі оқу ордасы – Астанадағы Зияткерлік мектеп пен Халықаралық мектептің International Baccalaureate Diploma Programme (IBDP) қорытындысы шықты.

Бүгін елордадағы физика-математика бағытындағы NIS қайта аккредиттеуден сәтті өтіп, Council of International Schools (CIS) сертификатына ие болды. Бұған дейін мектеп өз мәртебесін растайтын халықаралық статусты 2016 жылы алды.

«Samsung Innovation Campus Hackathon» стартап жобалар байқауында Тараз және Көкшетау қалаларындағы NIS оқушылары екінші орынды еншілеп, «Hardware» номинациясында 1 500 000 теңге ақшалай сыйақы жеңіп алды. Байқау 1-2 шілде аралығында Astana IT университетінде өтті.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Шилибекова Айдана Сенбекқызы Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Сербияның Белград қаласында 7 күнге созылған Еуропалық географиялық олимпиада (EGeO) өз мәресіне жетті.