«Өркен» гранты иегерлері мен резервтік тізімдердегі үміткерлер тізімі

«Өркен» білім беру гранты

2023 жылғы 23 – қараша күні «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ (бұдан әрі – ДББҰ) 2023-2024 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбында білім алатын резервтік тізімдердегі үміткерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде ДББҰ-ның Басқарма отырысы өткізілді.

2023 жылғы 22 – қарашадағы мәліметке сәйкес Назарбаев Зияткерлік мектептерінде 6 ваканттық орындар пайда болды:

Зияткерлік мектептер

Бөлінген гранттар саны

Ваканттық орындар саны

1

Астана қ. НЗМ

144

2

2

Алматы қ. ФМБ НЗМ

147

1

3

Петропавл қ. ХББ НЗМ

104

2

4

Шымкент қ. ХББ НЗМ

120

1

Барлығы

6

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы №255 бұйрығымен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту қағидасының (бұдан әрі - Қағида) 13-тармағына сәйкес бос орын болған жағдайда үміткерлерді оқуға тарту мақсатында әрбір мектеп бойынша резервтік тізім жеке қалыптастырылады.

Петропавл қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде үміткерлердің резервтік тізімі жоқ және «Өркен» грантын тағайындау үшін 2 ваканттық орын бар.

Қағиданың 13-тармағына сәйкес бос орын болған жағдайда және осы мектеп бойынша резервтік тізім болмаған жағдайда жұмыс органы жалпы резервтік тізімге сәйкес басқа мектептер арасында гранттарды қайта бөлу туралы шешім қабылдайды.

2023 жылғы 17-тамыздағы (№39 хаттама) және 6-қарашада (№52 хаттама) енгізілген өзгерістерді ескере отырып Басқарма шешімімен бекітілген жалпы резервтік тізімдегі кешенді тестілеу нәтижесінде ең жоғары жалпы балл жинаған алғашқы 2 үміткер Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқу үшін конкурсқа қатысқандар.

Жоғарыдағыны ескере отырып ДББҰ Басқарма шешімімен 6 үміткер келесі Зияткерлік мектептерде білім алу үшін «Өркен» білім беру грантының иегерлері атанды:

Зияткерлік мектептер

Бөлінген гранттар саны

2023 жылғы 23-қарашадағы ДББҰ Басқарма шешімімен тағайындалған гранттар 

1

Астана қ. НЗМ

144

2

2

Астана қ. ФМБ НЗМ

159

2

3

Алматы қ. ФМБ НЗМ

147

1

4

Шымкент қ. ХББ НЗМ

120

1

БАРЛЫҒЫ

6

Басқарма отырысының нәтижесінде 6 үміткер «Өркен» білім беру грантының иегерлері атанды.

Зияткерлік мектептер

Грант тізімі

Резервтік тізім

1

Астана қ. НЗМ

Жүктеу
Жүктеу
2

Астана қ. ФМБ НЗМ

Жүктеу
Жүктеу
3

Алматы қ. ФМБ НЗМ

Жүктеу
Жүктеу
3

Шымкент қ. ХББ НЗМ

Жүктеу
Жүктеу


Жалпы резервтік тізім

Барлық мектептердің барлық үміткерлерінің бірыңғай сараланған резервтік тізім ағымдағы оқу жылына жарамды (2023-2024 о.ж.).
Жүктеу


Үміткердің статусын көру

Толығырақ білу