Виртуалды мектеп

Виртуалды мектеп - бұл қашықтан білім беру технологияларын пайдаланып, оқушыларға Зияткерлік мектептердің бейіндік пәндерінен онлайн режимде оқуға мүмкіндік беретін қосымша білім беру жобасы.

Виртуалды мектептің мақсаты – 5 және 6 сынып оқушыларын Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру гранты бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында оқу үшін конкурстық іріктеуге дайындық бойынша тегін білім беру платформасын ұсыну.

Виртуалды мектептің «Математика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламалары оқытудың тиімділігін арттыруға, қажетті дағдыларды дамытуға, мотивацияны арттыруға және Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге дайындықты бастауға мүмкіндік береді. Оқу аяқталғаннан кейін қашықтан онлайн форматта өтілген тақырыптарды бекітуге арналған тапсырмаларды орындау және қорытынды тестілеуден өту қажет.

Қорытынды тестілеуден ең жоғары баллдың 50 және одан да көп пайызын жинаған оқушылар каникул кезінде Назарбаев Зияткерлік мектептері базасындағы Каникулярлық мектепке шақырылады.

Виртуалды мектепте оқу үшін тіркелу:

- 5-сынып – I жартыжылдықта;

- 6-сынып – II жартыжылдықта vs.nis.edu.kz сайтында жүргізіледі.

Виртуалды және Каникулярлық мектептерінде оқу туралы толық ақпаратпен vs.nis.edu.kz сайтында танысуға болады.