Хабарландыру

Хабарландыру 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Астана қаласындағы филиалында 2023 жылғы 22 қыркүйек пен 23 қазан аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагог қызметкерлері үшін Астана қаласы, Рыскұлбеков көшесі, 16А үй, 143 пәтер мекен жайда орналасқан бір бөлмелі қызметтік тұрғын үйді алуға құжаттарды қабылдау жүргізіледі.

Қызметтік тұрғын үй беру Ережелерімен және қызметтік тұрғын үйді алуға тапсырыс беру үшін құжаттар тізімімен www.nis.edu.kz сайтында таныса аласыздар.

Қызметтік тұрғын үйді алу үшін үміткерлерден өтініш және құжаттар жиынтығы 2023 жылғы 23 қазан күні 18.00 сағатқа дейін Астана қаласы, Хусейн бен Талал көшесі, 19 үй, Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі, 7 бөлме мекен жайы бойынша қабылданады.

Тұрғын үй комиссиясы қарау үшін құжаттар Астана қаласы, Хусейн бен Талал, 21/1 үй, 2-қабат, № 207 бөлме мекен жайы бойынша 2023 жылғы 23 қазан күні 18.00 сағатқа дейінгі мерзімде тұрғын үй комиссиясының хатшысына өткізілуі тиіс.


Анықтама телефондары: 8 (7172) 23 57 00, ішкі. 1166

8 (7172) 55-80-33, ішкі 2711


Тұрғын үй алуға үміткерлер Тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына өтініш және өткізетін құжаттардың келесі тізіміне сәйкес құжаттарды тұрғын үй комиссиясына өткізеді:

1.Өтініш берушінің жеке тұлғасын куәлендіретін құжаттың көшірмесі;

2.Неке қию куәлігінің көшірмесі;

3.Кадр қызметі берген отбасы құрамы туралы анықтаманың түп нұсқасы;

4.Өтініш берушінің отбасы мүшелерінің жеке тұлғаларын куәлендіретін құжаттардың көшірмесі;

5.Өтініш берушінің еңбек кітапшасының көшірмесі;

6.Педагогтік шеберлік деңгейін беру туралы құжаттың көшірмесі;

7.Үміткер мен оның отбасы мүшелерінде соңғы 3 жыл аралығында тұрғын үйі бар/ жоқ туралы Халыққа қызмет көрсету орталығы беретін анықтама;

8.Оқу жоспарларды, бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-материалдар мен құралдарды әзірлеу, қайта әзірлеу, жетілдіру бойынша жобалық топтарда қатысқанын растайтын құжат;

9.шетел жоғарғы оқу орындарында оқуды ағылшын тілінде бітіргенін растайтын құжат;

10.Ағылшын тілін меңгергені туралы халықаралық сертификаттар, дипломдар, куәліктер, басқа да құжаттар.


Құжаттар мұқаба бетінде өтініш беруші туралы (аты-жөні, қызметі, құрылымдық бөлімшенің аты (филиал) ақпарат бар қағаз скоросшивательдерде өткізілуі тиіс.