Құрметті ата-аналар мен үміткерлер!

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу 2024 жылғы 28, 29 наурыз күндері өтеді.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7 сыныптарында оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу 2024 жылғы 28, 29 наурыз күндері өтеді.Тестілеу құрылымы

28 наурыз (бейсенбі)

29 наурыз (жұма)

Қабілеттілікті бағалау тесті

Тілдік тест

Математика

40 тапсырма

60 минут

Қазақ тілі

20 тапсырма

120 минут

Сандық сипаттамалар

60 тапсырма

30 минут

Орыс тілі

20 тапсырма

Жаратылыстану

20 тапсырма

30 минут

Ағылшын тілі 

20 тапсырма

Барлығы

120 тапсырма

120 минут

Барлығы

60 тапсырма

120 минут


Тестілеуді өткізу уақыты

Іс-шара

1 ауысым

(қазақ тілінде оқыту)

2 ауысым

(қазақ және орыс тілінде оқыту)

1

Тіркеу

07.00–09.30

14.00 – 16.00

2

Бейненұсқаулық

09.40–10.00

16.10 – 16.30

3

Тестілеу

10.00–12.00

16.30 – 18.30


Тіркеу орталықтандырылған түрде келесі уақытта жабылады: 

1 ауысым үшін сағат 09:31 

2 ауысым үшін сағат 16:01

 

Тіркеуге кешіккен үміткерлер көрсетілген уақыттан кейін тестілеуге жіберілмейді.


Үміткерде өзімен бірге келесі заттар болуы керек:

1. рұқсат қағазы;

2. қара сиясы бар шарикті қалам (гельді емес);

3. зат таңбасы жоқ бөтелкеде су алуға болады.


Тыйым салынған заттар.

Тестілеу кезінде келесі заттардың болуына жол берілмейді:


- ұялы телефон

- кітаптар

- сызбалар

- фото/бейне құрылғылар

- сөздіктер

- циркуль

- қарындаштар мен өшіргіштер

- маркерлер

- сызғыштар

- сөмке

- тамақ және сусындар (судан басқа) - жазу құрылғылары




- калькуляторлар

- құлаққаптар

- блокноттар

- кепка, шапкалар

- басқа электрондық құрылғылар (смарт-сағат)

 

Тыйым салынған заттардың бар-жоғын алдын ала тексеріп, оларды үйде қалдыруыңызды сұраймыз!


Үміткерде тестілеу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда үміткер аудиториядан шығарылады және оның тестілеу нәтижелері жойылады.