NIS халықаралық бакалавриат мектебінің мұғалімі Айгүл Төлегенова әлемдік байқауда топ жарды

NIS халықаралық бакалавриат мектебінің дизайн және өнер кафедрасының мұғалімі Төлегенова Айгүл Зулхарнаевна әлемдік «Golden Time Talent» өнер байқауында 1-орынды иеленді.

Golden Time Talent халықаралық өнер байқауы – бейнелеу өнері ғана емес, сонымен қатар би, ән, интерьер өнері, сәндік өнер және т.б. салалар бойынша ерекше дарын иелерінің өнерін паш ететін танымал платформа. Педагогтің айтуынша, қазіргі таңда заман талабына сай, жан-жақты болу маңызды.

– Бейнелеу өнерінің мұғалімі ретінде әрдайым кәсіби салада дамуға тырысамын. Байқауға қатысуымның басты себебі де – осы, – дейді Айгүл Төлегенова.

Golden Time Talent байқауына биыл дүниежүзіндегі 17 елден 3 мыңнан астам өнер қайраткері қатысқан болатын. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау бейбітшілік туы астында арт-мәдениетті насихаттауға және халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған.

«Ұстаздан шәкірт озар» демекші, алдағы уақытта талантты педагог оқушыларды халықаралық деңгейдегі байқауға қатысуға баулымақшы.