NIS оқушылары Халықаралық Менделеев олимпиадасының жүлдегерлері атанды

2024 жылғы 21-26 сәуір аралығында Шэньчжэнь қаласындағы (Қытай) Ресей-Қытай университетінің базасында 58-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасы өтті.

Беделді білім сайысына әлемнің 40 елінен командалар қатысты. Ел намысын 10 қатысушы қорғады, олардың төртеуі NIS оқушылары.

Олимпиада қорытындысы бойынша Зияткерлік мектептердің қоржыны 4 медальмен толықты: 1 күміс және 3 қола.

Екінші орынды Астана қаласының физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Кирилл Ким иеленді. Бұл Кириллдің алтыншы марапаты. Оның 4-еуі химия пәнінен болса, 2-еуі лингвистикадан. Сондай-ақ, оқушы тамақ дайындауды, би билеуді және армрестлингті жақсы көреді.

Ал қола медаль Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS оқушысы Еңлік Бақытбековаға, Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS оқушысы Абылай Қабдулхадыр мен Павлодардағы NIS оқушысы Тамила Рахимбаеваға бұйырды.