NIS оқушылары елдің үздік жас географтары мен информатиктері қатарында

Алматыда Haileybury мектебі базасында география және информатика пәндерінен республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиадаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен қатысқан 22 оқушының барлығы жүлделі орындарға ие болып, NIS қоржыны 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медальмен толықты.

Географиядан алтын медаль иегерлері:

Андрей Енбахтов – Қостанайдағы NIS

Рамиль Имашев – Талдықорғандағы NIS

Мансұр Тұрсынғалиев – Павлодардағы NIS

Арсен Сыдықов – Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS

Ақжол Болат – Талдықорғандағы NIS

Қанат Серікбай – Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS

Талғат Байбусунов – Қарағандыдағы NIS

Географиядан күміс медаль иегерлері:

Шыңғыс Мүрсәлім – Павлодардағы NIS

Микаэль Почукаев – Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS

Ануар Кабдрахман – Павлодардағы NIS

Алихан Қалмағамбетов – Ақтөбедегі NIS

Жасұлан Казез – Павлодардағы NIS

Асылхан Смет – Тараздағы NIS

Географиядан қола медаль иегерлері:

Рустем Оразбай – Ақтаудағы NIS

Әмір Айдын – Алматыдағы химия-биология бағытындағы NIS

Информатикадан күміс медаль иегерлері:

Акежан Асқар – Семейдегі NIS

Нұрсұлтан Ерланұлы – Талдықорғандағы NIS

Олжас Мусалимов – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS

Әмір Нұриев – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS

Информатикадан қола медаль иегерлері:

Азамат Жолжан – Ақтаудағы NIS

Әбдіманап Ермахан – Тараздағы NIS

Александр Ершов – Қостанайдағы NIS

Айта кетейік, республикалық олимпиадаға география және информатика пәндері бойынша 300-ге жуық оқушы қатысты.