Эстония Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тоомас Тирс NIS Hub-та

Эстония Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тоомас Тирс елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектебінің оқушыларымен жүздесті.

Тоомас Тирс «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова және мектеп директоры Мейрам Жәкеновпен кездесіп, NIS-тің жүйесі, білім беру бағдарламасының ерекшеліктері және мектептің әлеуметтік жобаларымен танысты. Сондай-ақ NIS Hub технопаркінде жас ғалымдар Tooмас Tирске бірегей ғылыми жобаларын ұсынды.