banner

Жаңалықтар

XV халықаралық NIS конференциясында тең мүмкіндіктер мен инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

news
30 қазан 2026 |
12

Адами әлеуетті дамыту, әр балаға тең мүмкіндік беру және инклюзивті білім берудің жаңа тәсілдері XV халықаралық NIS Conference 2026 конференциясының екінші күніндегі басты тақырыптарға айналды.

Талқылауға Халықаралық мектептер кеңесінің (Council of International Schools) атқарушы директоры Джейн Ларсон, Global Teacher Prize 2026 сыйлығының лауреаты, суретші әрі Rouble Nagi Art Foundation қорының негізін қалаушы Рубл Наги, сондай-ақ Anglia Ruskin University университетінің мүгедектік және нейроалуантүрлілік мәселелері жөніндегі кеңесшісі, SDU University профессоры Камила Роллан қатысты.

Халықаралық сарапшылар білімнің қолжетімділігі, оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескеру және әр баланың қабілетін ашуға қолайлы жағдай жасау мәселелеріне тоқталды. Әсіресе оқыту үдерісіндегі шығармашылықтың рөліне, қиындықтары сырт көзге бірден байқала бермейтін балаларды қолдауға және инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырудың тиімді жолдарына ерекше назар аударылды.

«Баланың өсіп жатқан ортасы оның арман-қиялына шектеу қоймауы тиіс», – деді Рубл Наги.

Инклюзивті білім беруді дамыту мәселесі де кеңінен талқыланды. Қазақстан мен Ұлыбритания тәжірибесі негізінде заң жүзінде бекітілген кепілдіктердің неліктен әрдайым тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете бермейтіні және білім беру ұйымдарының, соның ішінде ресми диагнозы жоқ балалардың да қажеттіліктерін қалай ескеруі керектігі қарастырылды.

«Оқушының қажеттілігін анықтауда диагноздың атауы емес, оның күнделікті өмірі мен оқуына тигізетін әсері басты өлшем болуы тиіс», – деп атап өтті Камила Роллан.

Практикалық шешімдердің бірі ретінде оқытудың әмбебап дизайны ұсынылды. Бұл тәсіл білім беру ортасын әуел бастан оқушылардың әртүрлі қажеттіліктерін ескере отырып ұйымдастыруға негізделген.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-