Жаңалықтар
NIS оқушысы жас тарихшылардың республикалық байқауында топ жарды
02 қараша 2026 |
20
Шымкент қаласы Қаратау ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Ерасыл Таубұзар Таразда өткен «Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың республикалық байқауында бірінші орынға ие болды.
Білім сайысына өңірлік іріктеуден өткен 9–10-сыныптардың 100-ден астам оқушысы қатысты. Қатысушылар туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасына қатысты білімдерін сарапқа салып, тарихи танымдары мен ізденістерін көрсетті.
Сондай-ақ байқауда NIS-тің басқа да шәкірттері жетістіктерімен ерекшеленді. Түркістандағы NIS оқушысы Нәзік Тнейбай, Ақтаудағы NIS оқушылары Тамирлан Азаматжанұлы мен Мадияр Хусаин грамоталармен марапатталды.