Жаңалықтар
XV NIS конференциясында білім саласының үздіктері марапатталды
Бүгін XV NIS халықаралық конференциясы аясында еліміздің білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагогтері мен мамандары марапатталды. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова марапат иелеріне мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстады.
Бұл марапаттар NIS педагогтері мен мамандарының кәсіби еңбегінің жоғары бағаланғанын және Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесінің еліміздегі білім сапасын арттыруға, озық педагогикалық тәжірибелерді дамытуға қосып отырған үлесін көрсетеді.
«Еңбек ардагері» медалімен:
Аягоз Алипова – Алматы қаласы Медеу ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі.
«Ыбырай Алтынсарин» медалімен:
Данара Абильденова – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім сапасын бағалау және халықаралық аккредитация департаментінің директоры
Гүлмира Абишева – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасары
Майя Бейсенбекова – Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі
Галия Есжанова – Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі
Галина Кожахметова – Астана қаласы Нұра ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі
Жаннұр Мауытова – Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі
Гульдана Садвакасова – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Тәрбие жұмысы департаментінің директоры
Даркан Сейтмолдинов – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығы директорының орынбасары
Гүлжамила Сүлейменова – Шымкент қаласы Абай ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі.
«Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен:
Жанна Курпебаева – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері.
«Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен:
Гулсим Аюпова – Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Дарияш Шакимова – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық өлшеулер орталығы Педагогтерді бағалау бөлімінің басшысы
Гаухар Мананбай – Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі
Камила Сахова – Шымкент қаласы Абай ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі
Артем Туманов – NIS Ақпараттық технологиялар және қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары
Нурлыгуль Даулеткереева – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының Лингвистикалық бағыттағы пәндер бөлімінің басшысы.
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері» құрмет дипломымен:
Лазат Есимжанова – International Steppe School of Astana мұғалімі
Гульмира Умарбекова – International Steppe School of Astana мұғалімі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғысымен:
Темирлан Ильясов – «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері.