Жаңалықтар
WRO 2026: республикалық кезең басталды
Бүгін Алматыда беделді World Robot Olympiad 2026 робототехника олимпиадасының республикалық кезеңі басталды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 286 оқушы робототехника, бағдарламалау және инженерлік жобалау бағыттарында өз қабілетін көрсетіп, халықаралық финалға жолдама үшін бақ сынауда.
Республикалық кезең нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады. Үздік командалар 2026 жылғы желтоқсанда Пуэрто-Рикода өтетін WRO халықаралық финалында ел намысын қорғайды.
Биылғы маусымның тақырыбы – «Robots Meet Culture». Қатысушылар екі күн бойы RoboMission, Future Innovators, RoboSports және Future Engineers санаттары бойынша жарысады.
Айта кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектептері 2014 жылдан бері Қазақстандағы WRO олимпиадасының ұлттық ұйымдастырушысы ретінде өңірлік және республикалық кезеңдерді өткізіп келеді. Осы жылдар ішінде олимпиада мыңдаған оқушының инженерлік қабілетін дамытатын маңызды білім алаңына айналды.