Жаңалықтар
WRO 2026: Қазақстанның үздік робототехника командалары анықталды
Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі World Robot Olympiad 2026 робототехника олимпиадасының республикалық кезеңі қорытындыланып, үздік командалар анықталды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 286 оқушы робототехника, бағдарламалау және инженерлік жобалау бағыттары бойынша бақ сынап, халықаралық финалға жолдама үшін өз жобаларын таныстырды.
Республикалық кезең қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады. Үздік командалар 2026 жылғы желтоқсанда Пуэрто-Рикода өтетін WRO халықаралық финалында еліміздің намысын қорғайды.
Биылғы маусымның тақырыбы – «Robots Meet Culture». Осы идея аясында қатысушылар мәдениет пен технологияның тоғысын көрсететін жобалар ұсынып, робототехника арқылы тың шешімдер әзірледі. Оқушылар RoboMission, Future Innovators, RoboSports және Future Engineers санаттары бойынша жарысты.
RoboMission бағытында командалар роботты құрастырып, оны арнайы алаңдағы тапсырмаларды өздігінен орындауға бағдарламалады. Future Innovators санатында қатысушылар мәдениет пен өнер саласына арналған инновациялық жобаларын таныстырды. RoboSports бағыты роботтардың спорттық форматтағы жарысына арналса, Future Engineers санатында оқушылар күрделі инженерлік тапсырмаларды шешуге арналған роботтық жүйелерін көрсетті.
Ашылу салтанатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының орынбасары Сабыржан Садуақасов олимпиаданың еліміздегі білім беру робототехникасын дамытудағы маңызын атап өтті.
«NIS үшін бұл олимпиада тек жарыс емес, еліміздегі білім беру робототехникасын жүйелі дамытудың бір бағыты. Биылғы республикалық кезеңде жалпы білім беретін мектептерден, ауылдық және аудандық мектептерден келген оқушылардың белсенділігі ерекше байқалды. Бұл робототехникаға қызығушылықтың Қазақстан өңірлерінде кеңейіп келе жатқанын көрсетеді», – деді Сабыржан Садуақасов.
Айта кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектептері 2014 жылдан бері WRO олимпиадасының Қазақстандағы ұлттық ұйымдастырушысы ретінде өңірлік және республикалық кезеңдерді өткізіп келеді. Биыл сәуір айында еліміздің барлық облысын қамтыған өңірлік кезеңге 1684 оқушы қатысып, олардың 1002-сі жалпы білім беретін мектептерден, 682-сі Назарбаев Зияткерлік мектептерінен бақ сынады.
Республикалық кезеңге халықаралық деңгейдегі сарапшылар мен төрешілер де қатысты. Олардың қатарында Малайзиядағы WRO ұлттық ұйымдастырушысы Тенгку Хазрул болды. Ол WRO қозғалысының балаларға инновациялық идеяларын көрсетуге мүмкіндік беретін жаһандық алаң екенін атап өтті.
«Қазақстандық қатысушылардың дайындығы жыл сайын жоғары деңгейде көрінеді. Биыл да олардың роботтары креативті дизайнымен, тың идеяларымен және нақты инновациялық шешімдерімен ерекшеленді. Бұл – балалардың технологияны терең түсініп қана қоймай, оны шығармашылық оймен ұштастыра алатынының айқын көрінісі», – дейді Тенгку Хазрул.
WRO Kazakhstan 2026 олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
RoboMission. Elementary санаты
1-орын – «Skillset Avangard» командасы – Никита Бижов, Михаил Гаркушин (Астана қаласы, Skillset School)
2-орын – «RoboKent» командасы – Дулат Әбдіхалық, Хакназар Джаксылыков (Түркістан қаласы, RoboMektep мектебі)
3-орын – «IGOTOSmarthub» командасы – Сұлтан Опабек, Ерали Амангельдиев (Астана қаласы, Smart HUB)
«Ең әсерлі ойын» номинациясы – «Kyzylzhar-BesKol» командасы – Ильхам Сабыйржан, Ернар Қуантай (Петропавл қаласы, №2 Бескөл орта мектебі)
RoboMission. Junior санаты
1-орын – «Skillset» командасы – Омар Запір, Нурали Аман, Алижан Ауданбеков (Астана қаласы, Skillset School)
2-орын – «RP_Energy» командасы – Ерден Алмасбек, Маруф Сайдахматов (Шымкент қаласы, RoboPark мектебі)
3-орын – «EVA Junior» командасы – Ерасыл Қаратаев, Дияр Еркінов (Өскемен қаласы, Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі)
«Үздік техникалық орындау» номинациясы – «infiNIS» командасы – Имран Маликов, Диас Жолдахмет, Полат Шәймерден (Талдықорған қаласындағы NIS)
RoboMission. Senior санаты
1-орын – «EVA 01» командасы – Мерей Токтамысов, Алихан Төреханов (Өскемен қаласы, Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі)
2-орын – «Panheya» командасы – Мухаммеджан Кадиров, Ілияс Даулет (Алматы қаласы Медеу ауданындағы NIS)
3-орын – «S7 Robotics» командасы – Бекзат Хасанов, Батырхан Амантай (Ақтау қаласындағы NIS)
«Үздік стратегия» номинациясы – «siNIStral» командасы – Нұртас Тілеуке, Нұркелді Тастыбай (Шымкент қаласы Абай ауданындағы NIS)
RoboSports санаты
1-орын – «RobotNIS» командасы – Мирас Аланов, Ерболат Ешмуханбетов (Астанадағы NIS IB)
2-орын – «ZhasQan RS» командасы – Альтаир Кушалиев, Алдияр Аскарулы (Атыраудағы NIS)
3-орын – «Avangard» командасы – Дулат Аскерхан, Али Айболатов (Семейдегі NIS)
«Мықты робот» номинациясы – «Samgau» командасы – Бақтияр Мырзахмет, Айша Сансызбай (Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, «Самғау» және Абай Құнанбаев атындағы №2 орта білім беру мектебі)
«Үздік тактика және тапқырлық» номинациясы – «oreo» командасы – Нұртөре Қазкенов, Нариман Асқарбек, Асылан Байжұма (Қарағанды қаласындағы NIS)
Future Innovators. Elementary санаты
1-орын – «TechSpace Titans» командасы – Ади Бакиров, Акжан Жидебаев (Астана қаласы, TechSpace IT орталығы)
2-орын – «ITL NOMAD» командасы – Ернұр Шамыран, Данияр Тенелхан (Ақтау қаласы, мамандандырылған IT-лицейі)
3-орын – «RoboKids» командасы – Ксения Чиханцова, Егор Костерин (Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық үйі)
«Ең креативті идея» номинациясы – «Shalkar_kzo» командасы – Алина Ахметова, Бекасыл Аманбай, Тұмарай Мөңкебай (Қызылорда қаласы, «Мұрагер» мектебі)
«Үздік қорғау» номинациясы – «AgriBots» командасы – Саян Қылышбек, Дәрмен Жұман, Нұрайым Жанболатқызы (Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе орта мектебі)
Future Innovators. Junior санаты
1-орын – «Archo AI» командасы – Алихан Мурзахметов, Сауран Ғилым (Оралдағы NIS)
2-орын – «Veritas_Tech» командасы – Абзал Амантай, Даулет Нурланулы (Атыраудағы NIS)
3-орын – «NVAR» командасы – Ясина Сагатова, Владимир Когай (Қарағанды қаласы, №17 мектеп-гимназиясы)
«Ең креативті идея» номинациясы – «Baibura» командасы – Тілебалды Мұралбекұлы, Рахым Мұратқанов, Қарақат Ержанқызы (Семей қаласы, Көкпекті ауданы, Оқушылар шығармашылық сарайы)
«Үздік инновациялық жоба» номинациясы – «Q-Academy Second 1» командасы – Хусан Ергешов, Фирдавс Максудов (Түркістан қаласы, М. Қашғари мектебі)
Future Innovators. Senior санаты
1-орын – «XLNC» командасы – Ақнұр Дидарқызы, Іңкәр Ермекқызы, Тоғжан Қабдолда (Астанадағы NIS)
2-орын – «MIT» командасы – Бекжан Бақыт, Асығат Иран, Қалиақбар Баймұқан (Қарағандыдағы NIS)
3-орын – «ChangeMakers» командасы – Қайрат Ескен, Юсуф Мухамбеткалиев, Даниэль Жакупов (Көкшетаудағы NIS)
«Үздік безендіру» номинациясы – «Carbon Nexus 1» командасы – Бектұрсын Абдурахманов, Нұрсұлтан Базарбайұлы, Еркебұлан Нышанханұлы (Түркістан қаласындағы NIS)
Future Engineers санаты
1-орын – «Qyzylorda Flame» командасы – Ернұр Сәду, Аянұр Саду, Нұрасыл Өмірбай (Қызылордадағы NIS)
2-орын – «XLNC Lunar» командасы – Амира Шабарова, Айзере Нуралинова (Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS)
3-орын – «Nishtyak» командасы – Бексұлтан Марат, Арын Садыров (Ақтөбедегі NIS)
«Роботтың үздік дизайны» номинациясы – «XLNC Lunar» командасы – Амира Шабарова, Айзере Нуралинова (Астана қаласы Нұра ауданындағы NIS)
«Үздік инженерлік шешім» номинациясы – «Faith» командасы – Ұлан Нұрланов, Галамат Саматулы (Ақтөбедегі NIS)
«Жеңіске деген жігерлілік» номинациясы – «Forza Ferrari» командасы – Амир Талгат, Амирали Тайчик, Ислам Курманбаев (Павлодар қаласындағы NIS)
Олимпиаданы өткізуге білім беру ұйымдары, жоғары оқу орындары және серіктес компаниялар ерекше қолдау көрсетті. Central Asia Educational Solution, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Алматы Менеджмент Университеті, Astana IT University, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері қауымдастығы және «Aero» дрондар зертханасы жеңімпаздар мен қатысушыларға гранттар, техника, робототехника жиынтықтары және арнайы сыйлықтар ұсынды.