banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары GENIUS Olympiad-2026 халықаралық олимпиадасында күміс медаль иеленді

news
18 маусым 2026 |
154

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Рочестер қаласында өткен GENIUS Olympiad-2026 халықаралық олимпиадасында күміс медальдарға ие болды. Биылғы байқау әлемнің 80-нен астам елінен дарынды оқушыларды біріктірді.

Қазақстан атынан беделді экологиялық конкурсқа NIS Алматы-Наурызбай оқушылары Тимур Сакиев, Зере Нұрбол және Ализа Стыбаева қатысты. Олардың жобалары халықаралық қазылар алқасы тарапынан Artificial Intelligence және Entrepreneurship бағыттары бойынша жоғары бағаланды.

Тимур Сакиев Artificial Intelligence санатында күміс жүлдегер атанды. Ол биология, жасанды интеллект және экологиялық шешімдер тоғысындағы ғылыми жобасын ұсынды. Жоба заманауи технологияларды өзекті экологиялық мәселелерді талдау және шешу үшін қолданудың тиімді жолдарын көрсетті.

Тағы бір күміс медальді Қазақстан қоржынына Зере Нұрбол мен Ализа Стыбаева салды. Олар Entrepreneurship санатында тұрақты дамуға және экологиялық проблемаларды практикалық тұрғыдан шешуге бағытталған кәсіпкерлік жобасын таныстырды.

GENIUS Olympiad – экологиялық сын-қатерлер мен тұрақты даму мәселелеріне арналған халықаралық оқушылар конкурсы. 2026 жылы олимпиада St. John Fisher University базасында өтіп, әлемнің түрлі елдерінен қатысушыларды жинады. Конкурс оқушылардың креативтілігін, экологиялық ойлауын, жаһандық азаматтық ұстанымын және жобалық мәдениетін дамытуға бағытталған.

GENIUS Olympiad күміс медальдары қатысушыларға қосымша академиялық мүмкіндіктер де ашады. Rochester Institute of Technology университеті күміс жүлдегерлерге бакалавриат бағдарламаларына түскен жағдайда жыл сайын жаңартылатын 20 000 АҚШ доллары көлеміндегі стипендия қарастырған.

Бөлісу: