banner

Жаңалықтар

Токио губернаторы Юрико Коикэ Астанадағы NIS-ке келді

news
22 мамыр 2026 |
34

Бүгін Токио губернаторы Юрико Коикэ бастаған жапон делегациясы Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне арнайы сапармен келді.

Делегацияны NIS оқушылары қазақы дәстүрмен қарсы алды. Домбыра үнімен басталған салтанатты қабылдауда қонақтарға ұлттық құндылықтарымыз таныстырылып, қазақы қонақжайлық көрсетілді.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин NIS экожүйесінің негізгі бағыттарын атап өтіп, желінің отандық білім беру жүйесіндегі орнына тоқталды.

Сапар аясында меймандар мектептің жаратылыстану-ғылыми бағыттағы оқу кеңістігімен танысып, биология пәнінен зертханалық сабақтың өту барысын және физика пәні бойынша Вильсон камерасының жұмысын көрді. Сонымен қатар мұғалімдердің Lesson Study аясындағы бірлескен жоспарлау жұмыстары ұсынылып, NIS мектептеріндегі кәсіби даму мен командалық педагогикалық мәдениеттің маңызы атап өтілді.

Кездесудің маңызды бөлігінің бірі – оқушылар жобаларының көрмесі болды. Қонақтарға дауысты қалпына келтіруге арналған VoiceX құрылғысы, сондай-ақ ЭКГ деректерін жүктеу арқылы жүрек-қан тамырлары ауруларын болжауға бағытталған жасанды интеллект негізіндегі Bol қосымшасы таныстырылды.

Токио губернаторы Юрико Коикэ NIS оқушыларының ғылыми жобаларына жоғары баға беріп, мектеп ұжымына алғыс білдірді.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-