banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары АҚШ-та өткен беделді робототехника турнирлерінде басты марапаттарға ие болды

news
01 маусым 2026 |
63

АҚШ-та өткен FIRST Tech Challenge аясындағы беделді халықаралық робототехника жарыстары Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары үшін айтулы жеңістермен аяқталды. Қазақстандық жас инженерлер бұл додаларда жоғары дайындық деңгейін, командалық үйлесімін және халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенін айқын көрсетті.

Лос-Анджелес қаласында өткен Western Edge Premier Event 2026 халықаралық турнирінде NIS Алматы-Медеу мектебінің PHOBOS командасы үздік нәтиже көрсетіп, жарыстың абсолютті көшбасшысы атанды. 10-нан астам елден 88 команда қатысқан беделді додада NIS оқушылары төрт басты марапатқа ие болды:

- Western Edge Premier Event жалпы есебінде Winning Alliance Captain және Inspire Award Winner;

- Sea Division дивизионында Winning Alliance Captain және Inspire Award Winner.

Тағы бір маңызды жетістік NIS Шымкент-Абай мектебінің оқушыларына тиесілі. Кентукки штатының Лексингтон қаласында өткен Run for the Robots халықаралық турнирінде мектептің Atomic Heart командасы жоғары нәтиже көрсетіп, қазылар алқасының ең жоғары марапаты – Inspire Award жүлдесін иеленді. Халықаралық додаға АҚШ-тың 25 штатынан, Пуэрто-Рико, Бразилия және Қазақстаннан 70-тен астам команда қатысты.

Айта кетейік, FIRST Tech Challenge — оқушылардың инженерлік ойлауын, бағдарламалау, робототехника, командалық жұмыс және жобалық мәдениет дағдыларын дамытуға бағытталған халықаралық бағдарлама.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-