
Жаңалықтар
Шымкентте Қазақстанның үздік жас робототехниктері анықталды

20 маусым 2025
Шымкентте World Robot Olympiad халықаралық робототехника олимпиадасының республикалық кезеңі өз мәресіне жетті. Олимпиаданы дәстүрлі түрде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы өткізді.
Биылғы жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан жиналған 137 командада 300-ге жуық оқушы бақ сынады. Олардың қатарында ауыл мектептерінен құралған 10 команда да бар. Екі күн бойы жас инженерлер робототехниканың көмегімен адамзат өмірін жақсартып, жаһандық мәселелерді шешуге үлес қосатын жобалар жасайды.
2025 жылғы маусымның тақырыбы — «Future of Robots». Жарыс RoboMission, Future Innovators, RoboSports және Future Engineers категориялары бойынша өтті. RoboMission санатында қатысушылар автономды робот жасап, шектеулі уақыт ішінде тапсырмаларды орындады. RoboSports санатында робот-командалар спорттық ойындар форматында бір-бірімен сайысты. Future Innovators категориясында командалар өзекті әлеуметтік немесе экологиялық мәселелерді шешуге арналған инновациялық жобаларын әзірлеп, төрешілерге таныстырды. Future Engineers санатында оқушылар сенсорлар мен бағдарламалау негізінде «смарт-көлік» құрастырып, оны күрделі кедергілер жолымен өздігінен жүріп өтуге баптады.
Республикалық кезеңде үздік шыққан командалар 28–29 қарашада Сингапурда өтетін халықаралық финалда Қазақстанның намысын қорғайды.
WRO Kazakhstan 2025 олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
RoboMission:
RoboMission. Elementary санатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
1-орын – «Mileston Avangard» командасы – Михаил Гаркушин, Никита Бижов (Астана қаласы, Milestone мектебі)
2-орын – «Future_it_rangers» командасы – Всеволод Цхай, Жәңгір Ерғали (Талдықорған қаласы, Future-IT робототехника мектебі)
3-орын – «RoboKentau» командасы – Хакназар Джаксылыков, Дулат Әбдіхалық (Түркістан қаласы, RoboMektep.kz оқу орталығы)
RoboMission. Junior санатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
«PVL_14» командасы – Тимур Абдиров, Алмаз Мұқұш (Павлодар қаласы, дарынды балаларға арналған №3 мектеп-гимназиясы)
2-орын – «infiNIS» командасы – Имран Маликов, Жансері Тоқай (Талдықорғандағы NIS)
3-орын – «Team Fusion» командасы – Тимур Искаков, Тимур Койло (Петропавлдағы NIS)
RoboMission. Senior санатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
1-орын – «XLNC Cyrex» командасы – Саян Орынбек, Жанарыс Капаров, Вагиз Дисембаев (Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS)
2-орын – «RP & NIS ROBOSTORM» командасы – Аян Хусан, Рамазан Набиев (Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS)
3-орын – «LameTown» командасы – Әлихан Серік, Таир Назар (Оралдағы NIS)
RoboSports:
RoboSports санатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
1-орын – «Ganichev Motion» командасы – Дарын Қапаров, Айбын Адылқанов (Өскемендегі NIS)
2-орын – «Future_it_bounce» командасы – Наиль Садуакасов, Амир Мырзағали, (Талдықорған қаласы, Future-IT робототехника мектебі)
3-орын – «GFSeven» командасы – Әшім Әбілмансұр, Мансур Касымов (Петропавлдағы NIS)
Future Engineer:
Future Engineers санатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
1-орын – «XLNC Deoxys» командасы – Данабек Жәнібек, Дастан Мусрепов, Ансар Саурбаев (Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS)
2-орын – «XLNC Nemeziz» командасы – Асылжан Сайлау, Али Умаргалиев, Марат Казкенов (Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS және РФММ)
3-орын – «QYZYLORDA Flame» командасы – Айдар Бижанұлы, Ернұр Сәду, Алдияр Аппаз (Қызылордадағы NIS)
Future Innovators:
Future Innovators. Elementary санатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
1-орын – «SpaceStars» командасы – Амина Тусупова, Ділдә Нақыпбекқызы, Айганым Темирбек (Астана қаласы, IIPS intellect primary school)
2-орын – «Жас тұлға» командасы – Жаннұр Жарқынқызы, Аяла Рысбек (Көкшетау қаласы, «Жас тұлға» спорт-мәдени орталығы)
3-орын – «Innovators KZ» командасы – Бейбарыс Бекболат, Сабина Дауренбек (Кызылорда қаласы, Али Муслимов атындағы №101 мектеп-лицейі
Future Innovators. Junior санатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
1-орын – «Batmens» командасы – Карина Сухова, Ясмина Погубина (Орал қаласы, С.Жақсығұлов атындағы орта мектебі)
2-орын – «Seriktes» командасы – Калиақбар Баймұқан, Ернар Талғат (Астанадағы NIS)
3-орын – «Air Help» командасы – Дінмұхаммед Қалдыбек, Нұрсұлтан Раушан (Шымкенттегі химия-биология бағытындағы NIS)
Future Innovators. Senior санатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
1-орын – «Osiris» командасы – Нұразхан Нығмет, Алишер Нияз Орынбай (Астана қаласындағы NIS)
2-орын – «TechVision» командасы – Сержан Кадылбек, Диана Хасимова (Талдықорғандағы NIS)
3-орын – «XLNC Legacy» командасы – Тарғын Файзулла, Әлім Дәулетбек, Арнұр Тоғамбаев (Астанадағы физика-математика бағытындағы NIS)
Салтанатты марапаттау рәсіміне жарыс демеушілері – Қазақстан-Британ техникалық университеті, Central Asian Educational Solutions компаниясы, Оңтүстік Кореяның RoboRobo компаниясы және New Generation оқу орталығы қатысты. Олар жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сый-сияпаттар табыстады.
Естеріңізге салсақ, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2014 жылдан бастап World Robot Olympiad халықаралық робототехника олимпиадасының Қазақстандағы ұлттық ұйымдастырушысы қызметін сәтті атқарып келеді. Бұл жылдар ішінде олимпиадаға мыңдаған оқушы қатысып, инновациялық идеяларын ұсынуға мүмкіндік алды.