Жаңалықтар
Сенат Төрағасы NIS экожүйесімен танысты
03 желтоқсан 2025
Бүгін Астана қаласының Нұра ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев келді.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин NIS экожүйесінің даму стратегиясы, білім беру моделі, оқу үдерісін жаңғыртуға бағытталған бастамалар және мектептің негізгі бағыттары жөнінде ақпарат ұсынды.
Кездесу барысында Сенат Төрағасы мектептің заманауи оқу кеңістіктерін, инженерлік, ғылыми және шығармашылық бағыттағы NIS HUB алаңын, робототехника, ғарыш және биология орталықтарын аралап көрді. Бұдан бөлек, кітапхана мен мектеп жанындағы жатақхананың жұмысымен танысты.