banner

Жаңалықтар

«ProEco» байқауында NIS Ақтау оқушылары жүлделі орындарға ие болды

news
30 сәуір 2026 |
68

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 5–8 сыныптар арасында өткен «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауында жоғары нәтижелер көрсетті.

Атап айтқанда, «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» бағыты бойынша Байтұрсын Балабай 1-орынды иеленді. Ал «Туған өлке табиғаты» бағытында Еркеназ Озғанбай, «Таза қала сізден басталады» бағыты бойынша Нұрдәулет Абдураим және «Үздік экологиялық бастама» номинациясында Мансур Мусиралиев 3-орынға лайық деп танылды.

Дәстүрлі байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден астам оқушы қатысып, 88 жоба ұсынылды. Жобалар табиғатты сақтау мәселелерінен бастап, қаладағы экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған бастамаларға дейінгі кең ауқымды қамтыды.

Бөлісу: