banner

Жаңалықтар

FIRST Championship 2026: NIS оқушылары әлемдік деңгейде үздік нәтиже көрсетті

news
04 мамыр 2026 |
37

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен FIRST Championship 2026 халықаралық чемпионатында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстанның білім беру жүйесінің әлеуетін әлемдік деңгейде тағы бір рет айқын дәлелдеді.

336 команданың арасынан NIS Шымкент–Қаратау мектебінің «OVERTIME» командасы чемпион атанып, бірінші орынды иеленді. Ал NIS Астана–Нұра мектебінің «xCeption» және NIS Алматы–Медеу мектебінің «Panheya» командалары үшінші орындарға ие болды.

Үш команда да FIRST Tech Challenge санатында өнер көрсетті. Бұл бағытта оқушылар роботты өздері құрастырып, бағдарламалап, арнайы алаңда тапсырмаларды орындау арқылы ұпай жинады. Сонымен қатар командалар альянс құрып, стратегиялық шешімдер қабылдап, өз инженерлік жобаларын қазылар алқасына ұсынып, техникалық сапа мен инновация бойынша бағаланды.

Айта кетейік, FIRST Championship – робототехника мен инженерлік бағыттағы ең беделді халықаралық жарыстардың бірі. Бұл алаң қатысушылардың тек техникалық дайындығын ғана емес, сыни ойлауын, командалық жұмысын және күрделі жағдайда шешім қабылдау қабілетін кешенді түрде бағалайды.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-