banner

Жаңалықтар

NIS-ті Ұлыбританияның тағы екі жетекші университеті мойындады

news
23 маусым 2026 |
163

Ұлыбританияның беделді жоғары оқу орындары – University of Leeds және University of Southampton Назарбаев Зияткерлік мектептерінің NIS-Programme оқу бағдарламасы мен түлектерге берілетін NIS Grade 12 Certificate құжатын ресми түрде мойындады.

Енді NIS түлектері аталған университеттердің бакалавриат бағдарламаларына Foundation дайындық курсынан өтпей-ақ тікелей түсе алады.

University of Leeds және University of Southampton – Ұлыбританияның жетекші зерттеу университеттері әрі Russell Group мүшелері. Англияның Лидс және Саутгемптон қалаларында орналасқан жоғары оқу орындары QS World University Rankings халықаралық рейтингінде 77 және 111-орындардан көрінді. University of Leeds жоғары академиялық беделімен, іргелі ғылыми зерттеулерімен және халықаралық студенттерге ұсынатын кең мүмкіндіктерімен танылса, University of Southampton инженерия, компьютерлік ғылымдар, теңіз технологиялары және жаратылыстану ғылымдары бағыттарындағы сапалы білім беруімен, сондай-ақ инновациялық зерттеулерімен ерекшеленеді.

Айта кетейік, бүгінде NIS түлектерінің академиялық дайындығын мойындаған шетелдік жоғары оқу орындарының саны 78-ге жетті. Бұл қатарда Ұлыбританияның 25 университеті бар. Бұдан бөлек, Қазақстандағы 26 жоғары оқу орны мен 10 халықаралық ұйым NIS бағдарламасы мен сертификатын мойындап отыр.

Бөлісу: