banner

Жаңалықтар

NIS-те жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды

news
01 қыркүйек 2026 |
19

Бүгін NIS жүйесіндегі мектептерде алғашқы қоңырау соғылып, 21 Назарбаев Зияткерлік мектебі мен International Steppe School оқушылары үшін жаңа оқу жылы басталды.

Биыл «Өркен» білім беру грантына ие болған 2 814 оқушы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныбына қабылданды.

Жаңа оқу жылының маңызды жаңалықтарының бірі – International Steppe School of Almaty-Nauryzbay by NIS мектебінің ашылуы. Жаңа оқу ордасы NIS жүйесінің білім беру кеңістігін толықтырып, заманауи академиялық ортаның дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.

2025–2026 оқу жылы NIS түлектері үшін де жоғары нәтижелермен қорытындыланды. Биыл Зияткерлік мектептерді 2 770 түлек тәмамдады. Олардың 70,7%-ы Назарбаев Университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Astana IT University және еліміздің басқа да жетекші жоғары оқу орындарына түсті. Түлектердің тағы 28,2%-ы QS халықаралық рейтингіне енген шетелдік университеттерде білімін жалғастырды. Ал жеті түлек Шырмауық лигасы университеттеріне оқуға қабылданды.

NIS түлектері кәсіби қызметте де елеулі жетістіктерге жетіп келеді. Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Аида Дәулетова мен Павлодардағы NIS түлегі Дінмұхаммед Уразбаев оқушыларды халықаралық олимпиадаларға дайындаудағы еңбегі үшін «Шапағат» медалімен марапатталды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында кәсіби жетістіктері мен білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін NIS жүйесінің педагогтері мен қызметкерлері де мемлекеттік және салалық марапаттарға ие болды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының Нұра ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімі Мейрамгүл Кенжеханованы «Құрмет» орденімен марапаттады.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Білім беру сапасын бағалау департаментінің қызметкері Мира Битенбаеваға «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы берілді.

Қарағандыдағы NIS-тің биология пәні мұғалімі Қарлығаш Жолдыбаева мен Оралдағы NIS-тің математика пәні мұғалімі Айгүл Жоламанова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Барша оқушыларға, ұстаздар мен ата-аналарға жаңа оқу жылы тың мүмкіндіктер мен жарқын нәтижелерге толы болсын!

Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы жемісті болсын!

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-