Жаңалықтар
NIS бастамасымен елімізде отбасылық жүгіру шарасы өтті
Бүгін Отбасы күніне орай NIS жүйесінде алғаш рет отбасылық жүгіру ұйымдастырылды.
Еліміздің барлық өңірін қамтыған бастамаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 10 000-нан аса оқушысы, ата-анасы мен қызметкері қатысты. Мыңдаған жанды ортақ мақсатқа біріктірген бұл күн отбасымен бірге уақыт өткізудің, өзара қолдау мен салауатты өмір салтының маңызын айқындады.
Қатысушылар отбасыларымен бірге 1, 3 және 5 км қашықтықтарды еңсеріп, мерекелік күнді белсенді форматта өткізді. Өңірлердегі жүгірулер жылы жүздесулерге, ортақ әсер мен көтеріңкі көңіл күйге ұласты.
Отбасы күніне арналған бастама мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілік пен серіктестіктің маңызын тағы бір мәрте көрсетті. NIS жүйесінде алғаш рет қолға алынған отбасылық жүгіру қауымдастық үшін отбасы құндылықтарын дәріптейтін жаңа дәстүрдің негізін қалады.