banner

Жаңалықтар

NIS пен Қазақстан бадминтон федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

news
02 маусым 2026 |
100

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен Қазақстан бадминтон федерациясы оқушылар арасында бадминтонды кеңінен таныту және бұқаралық спортты қолдау мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісім Қазақстан бадминтон федерациясының вице-президенті Айбек Рахимов пен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрағасының орынбасары Сабыржан Сәдуақасовтың қатысуымен жасалды.

Серіктестік аясында Қазақстан бадминтон федерациясы NIS жүйесіне кіретін 23 мектепке арнайы спорттық құрал-жабдықтар табыстады. Олардың қатарында ракеткалар, воландар мен торлар бар. Бұл жабдықтар дене шынықтыру сабақтары, жаттығулар және мектепішілік спорттық іс-шаралар кезінде пайдаланылмақ.

Сонымен қатар федерация NIS-тің дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған кәсіби тренингтер өткізіп, мектептерге әдістемелік қолдау көрсетуді көздеп отыр.

– NIS сапалы білім берумен қатар, оқушылардың жан-жақты дамуына, денсаулығын нығайтуға және әл-ауқатын арттыруға ерекше мән береді. Бұл серіктестік – салауатты өмір салтын ілгерілетуге және мектептерде бұқаралық спортты дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болмақ, – деп атап өтті Сабыржан Өміртайұлы.

Тараптар алдағы уақытта оқушылардың жан-жақты дамуына, бұқаралық спортты ілгерілетуге және салауатты өмір салтын кеңінен дәріптеуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-