Жаңалықтар
NIS пен ЮНИСЕФ Қазақстан ынтымақтастық бағыттарын талқылады
Бүгін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі доктор Рашед Сарвар және ұйым делегациясының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесуде ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы елдік бағдарламасы шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиын барысында NIS-тің заманауи мектеп білім беру жүйесін дамытудағы тәжірибесі ұсынылды. Атап айтқанда, инновациялық білім беру шешімдерін енгізу, оқушылардың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік-эмоционалдық дағдыларын дамыту және сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету бағыттары қамтылды.
Тараптар ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындап, білім сапасын арттыруға және балалар мен жасөспірімдерді қолдауға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға өзара ниеттерін білдірді.