banner

Жаңалықтар

NIS оқушысы халықаралық математикалық олимпиадада ел қоржынына қола медаль әкелді

news
15 сәуір 2026 |
52

Алматы қаласы Медеу ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Вера Которова Қазақстан құрамасы сапында Францияның Бордо қаласында өткен European Girls’ Mathematical Olympiad халықаралық олимпиадасында ел намысын абыроймен қорғап, қола медаль еншіледі.

EGMO – 2012 жылдан бері өткізіліп келе жатқан, математика саласындағы дарынды қыз оқушыларға арналған беделді халықаралық олимпиадалардың бірі. Биылғы додаға әлемнің 66 елінен 247 қатысушы жиналып, жоғары деңгейде бақ сынады.

Олимпиада қатысушылардың терең математикалық білімін, логикалық ойлау қабілетін және күрделі есептерді шешу дағдыларын бағалауға бағытталған.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-