banner

Жаңалықтар

NIS командасы құқық және орыс тілі олимпиадасында тоғыз жүлдеге ие болды

news
13 сәуір 2026 |
31

Шымкент қаласында өткен «Құқық негіздері», «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша республикалық олимпиадада Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Зияткерлік мектептердің жүлде қоры 1 алтын, 1 күміс және 7 қола медальмен толықты. Сондай-ақ екі оқушы арнайы грамотамен марапатталды.

Дәстүрлі білім додасына биыл еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 272 оқушы қатысты. Олимпиада барысында қатысушылар тіл білімі, әдеби талдау, құқықтық нормаларды түсіну және құқықтық ойлау бағыттары бойынша білім деңгейлерін көрсетті.

Құқық негіздері пәні бойынша:

3-орын:

Азима Жармағамбетова – NIS Алматы-Наурызбай

Грамота:

Альазиза Лукпанова – NIS Атырау

Асылжан Шертаева – NIS Павлодар

Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша:

3-орын:

Регина Кох – NIS Петропавл

Адияр Дюсетай – NIS Алматы-Медеу

Сабина Ибраева – NIS Петропавл

Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша:

1-орын:

Абылайхан Амангулов – NIS Павлодар

2-орын:

Аксана Сабит – NIS Ақтау

3-орын:

Көркем Қасымбекова – NIS Ақтөбе

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-