banner

Жаңалықтар

NIS оқушылары Жолдасбеков атындағы халықаралық байқаудың жүлдегерлері атанды

news
17 сәуір 2026 |
184

Астанада Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша халықаралық зерттеу жобалары конкурсы аяқталды. Сайысқа дайындық деңгейі жоғары, аналитикалық ойлау қабілеті мен зерттеушілік әлеуетін көрсеткен 11–12 сынып оқушылары қатысты.

Байқау бағдарламасы төрт негізгі бағытты қамтыды: математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер. Биылғы жылы зияткерлік жарысқа ғылыми жобалардың республикалық кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ шетелдік мемлекеттердің ұлттық конкурстарының жеңімпаздары қатысты. Жалпы, байқауға Қазақстан, Таиланд және Түркия елдерінен 135 оқушы қатысып, 99 зерттеу жобасын ұсынды.

Сайыс қорытындысы бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары келесі орындарға ие болды:

1-орын

«Экономикадағы математикалық әдістер» секциясы

Ерзат Маметаев – NIS Семей

2-орын

«Қолданбалы математика» секциясы

Мөлдір Советхан – NIS Семей

3-орын

«Механика» секциясы

Гүлбақыт Жексен – NIS Талдықорған

Камила Айдынқызы – NIS Талдықорған

«Математика» секциясы

Мади Мырзабек – NIS Қостанай

Айта кетейік, жас ғалымдарды қолдауға және ғылыми ойлауды дамытуға бағытталған бұл байқау дарынды оқушыларды анықтауға, сондай-ақ дәл ғылымдар саласындағы халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Бөлісу:

Фотогалерея

image-
image-
image-
image-
image-
image-
image-