banner

Жаңалықтар

NIS оқушысы халықаралық информатика олимпиадасының жүлдегері атанды

news

03 тамыз 2025

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Әкежан Асқар Боливияның Сукре қаласында өткен 36-шы Халықаралық информатика олимпиадасында (IOI – 2025) күміс медаль иеленді.

Биыл әлемнің 98 елінен келген шамамен 400 мектеп оқушысы бұл зияткерлік сайыста бақ сынады. Қатысушылар күрделі алгоритмдік тапсырмаларды шешіп, бағдарламалық шешімдер әзірледі. Барлық тапсырмалар автоматтандырылған жүйе арқылы бағаланды.

Айта кетейік, Қазақстан Халықаралық информатика олимпиадасына 1999 жылдан бері қатысып келеді және соңғы жылдары мықты командалардың қатарынан тұрақты орын алып жүр. Бұл жетістік — ел намысын қорғаған қатысушыларымыздың жоғары дайындығының айқын дәлелі әрі мақтанышқа себеп.

Халықаралық білім додасында үздік атанған Әкежанды осы айтулы жеңісімен құттықтаймыз! Жаңа табыстар мен жарқын жетістіктер тілейміз!

Фотогалерея

image-
image-
image-