
Жаңалықтар
NIS оқушыларының IOAI – 2025 халықаралық олимпиадасындағы жарқын дебюті

08 тамыз 2025
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары Бейжіңде өткен IOAI – 2025 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында алғаш рет бақ сынап, бірден жоғары нәтиже көрсетті. NIS шәкірттері ұлттық құрам сапында үш медаль мен құрмет грамотасын ел қоржынына салды.
Қарағандыдағы NIS-тен Сұлтанби Исатай мен Талдықорғандағы NIS-тен Жәнібек Қасымхан алтын медаль иегерілері атанды. Ақтаудағы NIS оқушысы Сұлтанбек Сары қола жүлдеге қол жеткізсе, Қарағандыдағы NIS оқушысы Батыр Ерденов Құрмет грамотасымен марапатталды.
IOAI – жоғары сынып оқушыларына арналған беделді халықаралық зияткерлік дода. Басты мақсаты – қатысушылардың жасанды интеллект саласындағы теориялық білімін тереңдетіп, заманауи AI құралдарын тәжірибеде қолдану шеберлігін дамыту. Олимпиада бағдарламасы ғылыми раунд (үй және бетпе-бет тапсырмалар) және практикалық кезеңнен тұрады. Алғаш рет 2024 жылы Болгарияда өткен бұл байқау қысқа уақыт ішінде білім беру және ғылыми ортада жоғары беделге ие болды.
NIS оқушыларының бұл жеңісті дебюті – алдағы жаңа белестер мен тың жетістіктердің бастауы. Жас чемпиондарымызды құттықтаймыз!